Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы, 4 желтоқсан 1969ж. туылған, Алматы облысының тумасы.
Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты кардиохирург-дәрігер,
Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК директоры,
Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, РМҒА қауымдастырылған профессоры,
Еуропалық кардиоторакалды хирургтер ассоциациясының мүшесі.

Түйіндеме (өмірбаянынан қысқаша мәліметтер)
1987 ж.- Т.Қабылов атд. орта мектепті бітірді.
1987-1988 жж.- совхозда жұмысшы.
1988-1990 жж.- Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
1990 -1996 жж. - С.Д.Асфендияров атд. Алматы мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
1996 -1997 жж. – Алматы қ. ОҚКА хирург-дәрігер.
1997-1998 жж. - Іле аймақтық медицина бірлестігі (ОАА) жедел көмек бөлімінің хирург-дәрігері.
1998 – 2001 жж. – А.Н.Сызғанов атд. ҰХО аспирантура.
2005 – 2006жж. Рессей медициналық дипломнан кейінгі білім беру академиясында жүрек-қан тамыры хирургиясы бойынша оқыды, Мәскеу қ.
2002 – 2011 жж. - А.Н.Сызғанов атд. ҰХО кардиохирургия бөлімінің ғылыми қызметкері.
2011 – 2012 жж. - А.Н.Сызғанов атд. ҰХО кардиохирургия бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.
2012 - 2013 жж. – туа біткен жүрек ақаулары кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі.
2013 жылдан бері Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК директоры.

Ғылыми және практикалық қызметінің негізгі нәтижелері
100 жуық ғылыми жұмыстар, 7 предпатент , 1 өнертабыс патенті, 1монография.
2002ж. «Жүректің үшжармалы қақпақшасының функциональдық жетіспеушілігін хирургиялық емдеу» тақырыбында кандидаттық диссертация.
2012 ж. бері Еуропалық кардиоторакалды хирургтер ассоциациясының мүшесі.
2014ж. - кардиохирургия (ересектер) мамандығы бойынша жоғары санат.
2016 ж. – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистрлік диссертация.
Ашық жүрекке жүректің ишемиялық ауруы, жүре пайда болған және туа біткен жүрек ақауларына операциялар жасайды.
Израиль, Германия, Ресей, Оңтүстік Корея және Белоруссияның жетекші клиникаларында біліктілікті көтеру курстарынан өтті.

Жетістіктері мен наградалары
ҚР дарынды жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендияның лауреаты (2004 -2006 жж).
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы (2010 ж.)
ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2013 ж.)
«Сала көшбасшысы- 2014» байқауында«Даңқ жұлдызы» ордені (2014 ж.)
«Ақ жүрек» номинациясында «Қазақстанның үздік кардиохирургы» белгісі (2014ж.)
Сократ Комитетінің «Үздік топ-менеджер» төсбелгісі, Оксфорд, Ұлыбритания (2014 ж.)
ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай медаль (2015 ж.)
Жыл сайынғы «Жыл адамы» байқауында «Жыл дәрігері» номинациясы (2015 ж.)
Қазақстан Республикасы Православие шіркеуінің Мерейтойлық медалі (2015 ж.)
Елбасы және «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты (2015 ж.)
ROS Transe Trade UAE компаниясының ғылым мен фармациядағы енгізулері үшін берген дипломы (2016ж.)
ҚР денсаулық сақтаудыы дамытуға қосқан үлесі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісі (2016ж.)