Қалалық кардиология орталығында 2016 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды Орталықтың м.а. директоры А.М. Кенжебаев ашты. Ол: «Ұлт Көшбасшысымен жүргізілген сындарлы саясат арқасында біздің еліміз – Қазақстан мемлекет ретінде танылды. Әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмірінің бесігіне айналып, экономикасының қарқынды дамуымен алға шықты»- дей келе, ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, қызметкерлерге және олардың отбасына зор денсаулық, еңбектеріне табыс тіледі.

Күн сайын біз БАҚ әлемнің әр тарабындағы конфессияаралық эскалация, этносаралық қатығыстар туралы естіп жатамыз. Біздің еліміз мұндай оқиғалардан аулақ, өз игіліктері үшін бейбіт өмір сүруде. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы өміріміздің мәніне айналған. Сонымен қатар, жиында әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің дәрігері Е.Т.Төлеудің Елбасының өмір жолына арналған баяндамасы тыңдалды.

Еліміз Қазақстан Республикасы санаулы уақыттардан соң Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына қадам басады. Бұл еліміздің нығаю жолындағы ең керемет сәт.Еліміз берік мықты мелекет болуы үшін қиын жолдардан бастан кешіруіміз керек. Құттықтау сөз кезегіне С.Ж.Асфендияров атындағы КазҰМУ кардиохирургия кафедрасының меңгерушісі, профессор Егембердиев Т.Ж сөйледі.

Ол елімізде жүріп жатқан жоғары технологиялы қымбат сапалы медициналық көмек,оның ішінде кардиологиялық көмектің көрсетілуі мемлекет пен Елбасының арқасы нда екенін атап кетті. Ол әріптестерге денсаулық орталықтың ары қарай гүлденуін тіледі.