2017 жылдың 22-24 қараша күндері Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығының» МКК қызметкерлері артериялық гипертония бойынша Ресейдің медициналық қоғамның қолдауындағы Ресейдің Денсаулық саутау басқармасының Министрлігіне қарасты ФМБМ «Ұлттық медициналық кардиологияны зерттеу орталығы», атеросклерозды зерттеу бойынша Ұлттық қоғам және жедел кардиология бойынша мамадар қоғамының қолдауымен өткізілген жедел кардиология бойынша X-шы Букілресейлік форум шарасына белсене ат салысты.

Форумға белгілі ресейдің кардиолог ғалымдары, неврологтар, кардиохирургтар, эндокринологтар, терапевтер және де шетел мамандары қатысты.

Форумда қазіргі таңдағы жедел кардиологияның аспектілері, олардың алдын алуы, Ресейдегі жүрек қантамыр жетіспеушілігін емдеу және диагностикалау, көрсетілетін кардиологиялық профильдегі көмектің сапасын көрсету мақсатында өмірге қауіп төндіру кезінде кардиолог, кардиохирург ,терапевт,пульмонолог,ревматолог,эндокринолог,фунционадық диагностика бөлімінің мамандарының бірігуімен шешетін өзекті мәселелер, жіті коронарлық синдромның дамуы, жедел жүрек жетіспеушілігі және жүрек ырғағының бұзылуы сияқты ауқымды сұрақтар қарастырылды. Программаға пленарлық отырыстар, лекциялар, секциялық отырыстар, симпозиум, презентация сияқты шаралар қосылды.