Қалалық кардиология орталығы бірнеше жыл бойы Оңтүстік Кореялық әріптестерімен жемісті ынтымақтастық қарым-қатынас жүргізуде. Ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында мастер-кластар өткізіліп, орталық қызметкерлері Седжон ауруханасы, Северанс клиникасы, Самсунг орталығы сынды Кореяның жетекші клиникаларының базасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда оқудан өткен қызметкерлер саны 16 адам (15 дәрігер, 1 мейірбике).

2018 жылдың 9 сәуірінде Қалалық кардиологиялық орталығында Северанс кардиологиялық орталығы мамандарымен онлайн-конференция өтті. Северанс клиникасы - Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында орналасқан Йонсе Университеті жанындағы халықаралық деңгейдегі жетекші көпсалалы аурухана.



Аритмология бөлімінің меңгерушісі Рысмендиев Б.А.:

«Конференция барысында әрі қарайғы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды. Медициналық туризмді дамыту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында 2018 жылдың маусым айында орталықтың 3 қызметкері Сеул қаласында 1 ай бойы оқудан өтпекші. 2018 жылдың қыркүйек айында Қалалық кардиологиялық орталығы базасында Северанс клиникасының профессорларының қатысуымен аритмология бойынша мастер-класс жоспарланған».