Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қалалық кардиология орталығында эхокардиография бойынша конференция мен шеберлік-сыныбы өтті.

2018 жылдың 15 мамыр күні Алматы қаласының ДСБҚ Қалалық кардиология орталығында эхокардиография бойынша «Эхокардиографиядағы сандық анализ» тақырыбында конференция және медицина ғылымдарының докторы, профессор, Томск қаласының кардиология ҒЗИ-нің атеросклероз бен созылмалы ишемиялық ауруы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Павлюкова Е.Н. қатысуымен VIVID E95 4D-көлемді премиум класстық ультрадыбыстық жүйесінде шеберлік-сыныбы өтті.

Конференция мен шеберлік-сыныбына Орталықтың кардиолог-дәрігерлері, функционалдық диагностика бөлімінің дәрігерлері және Алматы қаласының БМСК дәрігерлері қатысты. Конференция барысында жүректің функционалдық параметрлерін талдаудың сандық әдістері, жүректің функционалдық параметрлерін бағалау кезінде кеңінен қалпына келтіру мүмкіндігі жайлы сөз қозғалды. Конференциядан соң VIVID ультрадыбыстық жүйесінде шеберлік-сыныбы өтті.

Қатысушылар сұрақ қойып, белсенділік таныты және соңында барлығы қатысу туралы сертификаттарға ие болды.