Мен, Жумабаева Айдана Несіпбекқызы, Қалалық кардиология орталығына 2010 жылы оқуымды бітіре салып, мейіргер болып жұмысқа орналастым. Осы 10 жыл ішінде талай жетістіктерге жеттім. Еңбегімінің нәтижесі ретінде әкімшілік және кәсіподақ ұйымынан Алғыс хаттар мен мадақтамаларға ие болдым.

Мен өзім жұмыс істейтін медицина ұйымын жақсы көремін. Мұнда жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Ұжымда ауызбіршілік, ынтымақтастық, адами қарым-қатынас жоғары дәрежеде. Әр қызметкердің еңбегі ерекше бағаланады. Дүниежүзілік пандемияға қарамастан, Орталықтағы жұмысымыз жемісті болды. Әр мереке сайын алған сыйақыларды қоспағанда, әр ай соңында сараланған еңбекақы төлемдері жасалды. Әсіресе, бәріміз жыл қорытындысын асыға күтеміз, себебі жыл соңында қомақты қаржыға ие боламыз. 2020 жылды да үлкен жетістіктермен аяқтадық. 2021 жыл да табысты болады деп сенемін!

Еңбек демалысында жүргеніме айға жуық уақыт болды, жұмысымды сағынып жүрмін...