Қалалық кардиология орталығында қазақ поэзиясындағы бірегей тума талант, ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай көркемсөз оқу байқауы өз мәресіне жетті.

Осы тұста ақынның ұрпаққа ұран болған, ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған медицина саласының мамандары өлең сөздің құдіретін терең түсінетіндерін көрсетті. Байқауға қатысқан отызға жуық мамандардың арасынан «жүзден жүйрік» атанған 6 қызметкер марапаттау қағазы мен ақшалай сыйақыға ие болды.

Бас жүлде – жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінің мейіргері Ғадылбекова М.Д.

І орын – жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінің дәрігері Калыков Ә.Б.

ІІ орын – клиника-диагностикалық зертхананың маманы Акатаева М.Н. және функционалды диагностика бөлімінің мейіргері Алиер А.Қ.

ІІІ орын – кардиохирургия бөлімінің мейіргері Далбинова Б.Б. және анестезиология және реанимация бөлімінің мейіргері Хужабаева Б.Е.