Бүгін Алматы қаласындағы кардиология орталығы базасында «Денсаулық-ГКЦ» бастауыш партия ұйымының ( бұдан әрі – БПҰ) жиналысы өтті. Онлайн режимде өткен жиналыстың күн тәртібінде 1) 2019-2020 жылдарға арналған БПҰ-ның атқарған жұмыстарына есеп беру және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы; 2) БПҰ төрағасы мен оның орынбасарын сайлау; 3) «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXVI есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселесі қаралды.

Бірінші мәселе бойынша БПҰ төрағасы Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы сөз алып, атқарылған іс-шаралар туралы төмендегідей мәлімет берді:

Осы уақытқа дейін «Денсаулық- ГКЦ» БПҰ барлық партия өткізген іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Ай сайын «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам», «Stop қылмыс» сынды партиялық жобалар бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Биылғы жылы партия қатарынан 36 адам (жұмыстан өз еркімен шыққандар) шығырылып, 52 адам қабылданды. Қазіргі уақытта партия мүшелігінде 135 адам бар. 2019 жылы Алматы қаласы Нұр Отан партиясы ұйымдастырған «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында біздің БПҰ 1-орынға ие болды, нәтижесінде партия ұйымының төрағасы Қытай еліне іссапарға барып келді.

Былтырғы жыл, бәріңізге белгілі, дүниежүзілік пандемия кезінде ҚКО қызметкерлері майдан шебіндегі сағат тілі сияқты жұмыс істеді. Лас аймақта арнайы қорғаныс киімінде күні-түні үздіксіз жұмыс істеу – үлкен ерлік. Ақ халаттылардың білімі мен біліктілігімен қатар, сабырлығы мен төзімділігі сынға түскен сағатта «Нұр Отан» партиясы шет қалмай, аурухананың барлық қызметкерлерін ауыз сумен және ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Ол үшін біз өте ризамыз.

БПҰ мүшелері барлық сайлау шараларына белсенді қатысып келеді. Біздің партия ұйымының 9 мүшесі 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасының парламенттік сайлауына бақылаушылар ретінде қатысып, үздік жұмыстары үшін марапаттарға ие болды.

Жыл сайын «Денсаулық- ГКЦ» БПҰ демеушілердің көмегімен әл-ауқаты нашар және мүгедек баласы бар, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, сонымен қатар, Балаларды қорғау күні мен Білім күні қарсаңында аналарға материалдық көмек көрсетеді.

Өткенімізге есеп бере отырып, алға мақсаттар қою – партия талабы. Біздің 2021 жылға арналған міндеттеріміз бірі - партия мүшелерінің санын 200 адамға дейін көбейту. Сонымен қатар білімді, білікті жас мамандарды тәжірибелі маман ретінде дайындап, олардың мелекетттің өркеңдеп дамуы мен еліміздің мүддесі үшін қызмет етуіне мүмкіндік беру; қала және ауыл аймақтарын бөле жармай, толық материалдық-техникалық жабдықтармен және жас медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етіп, жергілікті денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрінің қолжетімділік деңгейін көтеру; халықтың салауатты өмір салтын белсенді насихаттап, ауруды болдырмау және алдын алу бойынша жұмысты күшейту.

Екінші мәселе бойынша БПҰ мүшесі, ренгенхирургия бөлімінің меңгерушісі О.С.Саховтың сөзінен кейін, жиынға қатысып отырған барлық партия мүшелері бір ауыздан «Денсаулық-ГКЦ» БПҰ төрағасына А.Т.Қодасбаевты, оның орынбасары етіп Ғ.П.Төлеповты сайлады.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXVI есеп беру-сайлау конференциясына делегат ретінде партия ұйымының төрасы А.Т.Қодасбаевты жіберуді бір ауыздан шешті.