Бүгін Қалалық кардиология орталығында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты онлайн-жиын өтті. Жиынды Орталықтың директоры Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы өзінің құттықтауымен бастады:

Құрметті Орталық ұжымы! Сіздерді Достық мерекесі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – ұлттар достығын, олардың сыйластығы мен ынтымағын айшықтайтын үлкен мереке! Бұл - 130 астам ұлт пен ұлыстар мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүруді насихаттайтын күн. Қазақ елінің кең шаңырағы астында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – бір үйдің баласындай өмір сүріп, болашағымыздың жарқын болуы үшін еңбек етудеміз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы. Біздің Орталықтың өзінде 15 аса ұлт өкілдері бірлік пен татулықта жұмыс істейді. Мереке қарсаңында осынау көп ұлтты ұжымға денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақыт тілеймін!

Әрі қарай жиынды Орталықта еңбек етіп жүрген әр ұлт өкілдерінің құттықтаулары жалғастырды. Мерекелік көңіл-күй күнделікті жауапкершілігі мол, қиыны мен қызығына толы жұмысқа жаңа серпін беріп, қайнаған тірлікпен үйлесім тапты.