1950 жылдан бері БҰҰ бастамасымен дүние жүзі бойынша аталып өтетін Халықаралық балаларды қорғау күні елімізде де кең көлемде мерекеленеді.

Осы мерекеге орай Қалалық кардиология орталығы өз қызметкерлерінің 12 жасқа дейінгі балалары арасында өнер байқауын өткізді. Байқауға ең кішісі 1,5 жас болатын жас өнерпаздар қатысты. Барлық өнер көрсеткен жас өнерпаздарға Орталық және кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар тапсырылып, үздіктерге қосымша диплом берілді.

Бүгінгі мереке күні барша балаларға бақытты балалық шақ тілейміз. Балаларға бақыт сыйлайтын ата-аналар, сіздер аман болыңыздар. Шаңырақтарыңыздан сәбилеріңіздің күлкісі кетпесін! Мереке құтты болсын!