Бүгін Қалалық кардиология орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын онлайн режимде өтті.

Жиын бағдарламасында мерекелік құттықтаулармен қатар арнайы осы кәсіптік мерекеге орай ұйымдастырылған өз шығармашылығы бойынша байқаудың қорытындысы негізінде марапаттар, науқастардың ізгі тілектері мен алғыстары, эстрада жұлдыздарының музыкалық құттықтаулары болды.