Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Қарттар күні алғаш рет Еуропада, содан кейін Америкада, ал 80-жылдардың соңында бүкіл әлемде атап өтіле бастады.

1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады, ал біздің елімізде бұл мереке 1991 жылдан бастап атап өтіледі. Осы сәттен бастап жыл сайын, күз мезгілінде біз барлық күш-жігері мен білімін өз халқына арнаған, денсаулығы мен жастығын жас ұрпаққа берген адамдарға құрмет көрсетеміз.

Қарттар күні қарсаңында ШЖҚ "Қалалық кардиология орталығы" МКК дәрігерлері орталық директорымен бірге кардиологиялық аурулары бар қарт адамдарға медициналық кеңестер беру үшін "Нұр" мейіргерлік күтім үйіне барды. Барлық пациенттерге электрокардиограмма жасалып, қандағы глюкоза деңгейі тексерілді, нәтижесінде кардиологтың кеңестері берілді. Аталған іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің резиденттері де қатысты. Резиденттер дәрігерлердің басшылығымен пациенттерге кеңес берді. Бұл іс-шаралар резиденттерді мейірімділік, адамгершілік тұрғысынан игі істер жасауға, мұқтаж адамдарға көмекке келуге тәрбиелейді.

Орталық қызметкерлері атынан барлық қарттарға өз білімдерін, тәжірибелерін, кәсіби дәстүрлерін өскелең ұрпаққа жеткізгендері үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Біздің парызымыз-аға ұрпақтың мұрасын сақтау, Қазақстан Республикасының лайықты патриот азаматтарын тәрбиелеу.

Барлық аға буынға шын жүректен мықты денсаулық, оптимизм, Сергектік және ұзақ өмір тілейміз!