Бірінші рет Алматы қаласында ШЖҚ МКК «Қалалық кардиология орталығы » Нұр- Сұлтан қаласындағы АҚ «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы » дәрігерлері Алибаев С.А және Мусаев А.А мен бірге 83 жастағы науқасқа транскатетрлі аорталық қақпақшаны имплантациялауды (ары қарай - TAVI) жасады. Бұл терапия жүректің жүре пайда болған ақауы –аорталық қақпақшаның тарылуымен ауыратын науқастарға арналған.

Аорталық қақпақшаның тарылуы – сол жақ қарыншадан қанды қалыпты шығуына кедергі жасайтын, аорталық қақпақшаның тарулыумен сипатталатын кең таралған ауру болып есептеледі. Бүгінгі таңда аорта қақпақшасын ауыстырудың неғұрлы үнемді және инновациялық әдісі – TAVI болып табылады.

Имплантация ретінде биологиялық қақпақшаны қолданылады, оның ұлпасы ірі қараның перикардынан алынады. Имплантация рентгендік бақылауда жүргізіледі, имплантатты өзі орнатқаннан кейін жеткізу жүйесі жойылады және қақпақша жұмыс жасай бастайды.

Отадан соң науқас 3-5 күн дәрігердің бақылауында болады және тұрғылықты жері бойынша кардиолог пен кардиохирургтың бақылауымен үйге шығарылады.

Айта кету керек, мұндай мастер -класстарды өткізу емделушілерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, елімізде озық медициналық технологиялар мен инновацияларды дамытуға, сондай -ақ отандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық тәсілдің арқасында қазақстандық дәрігерлер науқастардың өмірін сақтап, оны ұзартып, сапасын жақсарта алады.

Эльмира Ахатова