Дүниежүзілік пандемия қай-қайсымызды да әбігерге салғаны аян. Біріміз қатты сырқаттандық, біріміз жақынымыздан айырылдық. Мезгілсіз қазалар көбейіп, қабырғамыз қайысты...

Осы жылы Қалалық кардиология орталығында жұмыс істейтін қызметкерлердің 15-і өзі жақындарын жоғалтты. Ең қиыны – індетпен күрес майданының бел ортасында жүріп, жақын жандарыңызды жоғалту екен.

Бүгін, 22 қазан жұма күні Орталық басшысы бөлім меңгерушілермен бірге жоғарыдағы қызметкерлерді шақырып, олардың қайғыларына ортақ екенін білдірді. Қайтқан жандарға арнап құран бағыштап, құдайы тамақ берді.