«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын» демекші, елім деп жүрген ұлтжанды азаматтарды құрмет тұтып, есімдерін халқына таныту үшін ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар қаншама!

Бүгін Қалалық кардиология орталығының директоры Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» байқауының жеңімпазы атанып, қоғамға қосқан айырықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты төсбелгімен, І дәрежелі дипломмен марапатталып, аталған байқаудың материалдары жарияланған кітап тапсырылды.

Қалалық кардиология орталығының ұжымы Алмат Тұрысбекұлын марапатымен құттықтап, медицина саласын дамыту жолында әлі талай сүбелі істер атқарады деп сенім білдірді.