Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Қалалық кардиология орталығында спорттық ойындардан спартакиада өтті.

Орталық қызметкерлері шахмат, дойбы, обруч айналдыру, қол күресі, асық ату, ләңгі тебу сияқты спорт ойындары бойынша жарысты.

Тартысты өткен спартакиада бір жағынан жарыс болса, екінші жағынан денсаулық үшін өте пайдалы болды.

Қатысушылар күнделікті жұмыстарынан бір уақыт серпіліп, көңіл-күйлерін көтерді, тың күш жинады. Барша қолдаушыларға да көңілді эмоция сыйлады.