Бүгін Қалалық кардиология орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Әнұранды орындаудан басталып, ел тәуелсіздігіне арналған презентациямен жалғасты. Одан әрі Орталық директоры Алмат Тұрысбекұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, әртүрлі ведомствалық наградаларды, сондай-ақ, Ұлттық медициналық қауымдастығының «Алтын дәрігер», «За верность профессии», «Мейірім» атты марапаттарын тапсырып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған спартакиада жеңімпаздарын марапаттады.

Азаттығымызды айқындап, тәуелсіздік тұғырымызды мығым еткенімізге 30 жыл толып отыр. Тарих таразысына салсақ, аз ғана уақыт, дегенмен 30 жылда мемлекетіміз қайта жаңарып, тәуелсіздіктің іргетасын қалады, жаңа даму сатысына өтті, болашағын бағдарлап, әлемдік аренада өз орнын алды. Осы Тәуелсіз елдің медицина саласын дамытуға Сіздер де аянбай ат салысып келесіздер. Барша ұжымды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

тапсырып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған спартакиада жеңімпаздарын марапаттады.

https://www.instagram.com/p/CXeGnwbt901/?utm_medium=share_sheet