Бүгін Қалалық кардиология орталығы игілігіміздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні тағы да зор салтанатпен атап отыр.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында Орталықтың 30 қызметкері «Нұр Отан» партиясына мүшелікке қабылданып, денсаулық сақтау саласын дамытуға және пандемия жағдайында халық денсаулығын сақтауға қосқан жеке үлесі үшін біршама қызметкерлер «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатына және түрлі марапаттарға ие болды.

Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің саясатын берік ұстанған «Нұр Отан» партиясымен бірге болайық!