Бүгін Қалалық кардиология орталығының ұжымы жыл қорытындысы негізінде номинациялар бойынша қызметкерлерді марапаттау рәсімін өткізді.

Орталық директоры Алмат Тұрысбекұлы ұжымды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады, былтырғы жылға қорытынды жасап, келер жылдағы жоспарларға тоқталды.

Биылғы жылғы марапаттаудың ерекшелігі – тек үздіктер ғана емес, еңбек жолын жаңа бастағандар мамандар да марапатталды. Оларға берілген номинация атаулары өзгеше болды. Түрлі қызмет саласы бойынша мамандар 24 номинация бойынша марапатталды. «ҚКО алтын қоры», «Жыл еңбекқоры», «Кәсіби шебер», «Жылдың үздік нәтижесі», «Жыл инновациясы» т.б. номинациялар бойынша марапатталып, ҚКО кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Көктем» санаторийіне және емдеу-сауықтыру орнына жолдамалар және Орталық атынан ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Ұжым Жаңа Жыл қарсаңында өзіне мерекелік көңіл-күй сылай алды. Бөлім қызметкерлері ұжымға арналған құттықтауларымен бірге музыкалық сәлемдемелерін жолдады.

Барша ұжым қызметкерлеріне Жаңа Жыл құтты болсын! Жаңа жылда асқақ армандарыңыз бен үкілеген үміттеріңіз орындалсын! Әрқашан дендеріңіз сау боп, еңбектеріңіз жемісті бола берсін!