Бұл күні біз ішкі және сыртқы күштердің қасақана ұйымдастырған террорлық шабуылынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз. Қалалық кардиологиялық орталықтың таңертеңгі жоспарлы жиыны бір минут үнсіздіктен басталды. Орталық қызметкерлері қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандарды еске алды.

Террористік актілер қарсаңында Қалалық кардиологиялық орталық террористердің қолынан зардап шеккендердің барлығына үздіксіз көмек көрсетті.

Орталықтың барлық қызметкерлерінің атынан бүкіл Қазақстан халқына, құқық қорғау органдарының, полиция мен республика Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің, нақақтан құрбан болған қарапайым жандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтуға рұқсат етіңіздер. Біз барлық қайғы-қасірет пен орны толмас қазаны қайтыс болғандардың туыстарымен және жақындарымен бөлісеміз.

Қиын сәтте елімізді тығырықтан алып шыққан Президентімізге үлкен қолдау және алғыс білдіреміз.

Барлық зардап шеккендерге тезірек сауығуды тілейміз. Және күш - бірлікте екенін ұмытпаймыз! Аман-сау болыңыздар. Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!