Бүгін Қалалық кардиология орталығының ұжымы Орталықтағы ер азаматтарды Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтап, концерт берді.

Орталықтың талантты жастары музыкалық тарту жасап қана қоймай, тамаша қойлымдар да қойды.

Мерекелік шараға Орталықта 47 жыл еңбек еткен, тыл еңбеккері, бүгінгі күні 96 жасқа келіп отырған Батыр ана – Мария Георгиевна Яковлеваны қонаққа шақырып, сый-сияпат көрсетті. М.Г.Яковлева өз естеліктерімен бөлісіп, Орталық қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.