Бүгін, яғни 06.05.2022ж. Алматы қаласы Әуезов ауданы Жетісу ықшам ауданының тұрғындары А.П.Пузановты, Қ.М.Бектұрғанованы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап бардық.

Қанипа апамыздың естеліктерін тыңдап, жайылған ақ дастарханынан дәм таттық. Батыр анамыздың үйінде төрт бірдей ұрпағы тату-тәтті өмір сүріп жатыр екен.

Қанипа апамызды немере келіні Ақмарал өз анасындай қарап, баптап шайын беріп отыр. Қарт анамыздың жүзінен қуаныш, көзінен бақыт сезіледі. «Ұрпақ жалғастығы» деген осы болар...