2022 жылдың 13 мамырында Қалалық кардиологиялық орталықта Халықаралық медбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Орталық директоры Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы құттықтау сөз сөйледі:

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейіргер ісі – қашанда сый-құрметке лайық.

Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейіргер жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейіргерлік кәсіп немесе мейіргер ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі.

Олай болса, денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, міндетін мінсіз атқарып жүрген баршаңызды Халықаралық мейіргерлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ұлт денсаулығын нығайту жолында мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, халықтың қошеметіне бөленіп, бірлесіп еңбек ете берейік!

Мерекелік жиын танымал әнші, халықаралық "Азия дауысы" фестивалінің жүлдегері Аллаберген Жақсыбаев пен "Ағайындар"тобының концертімен аяқталды.