Бүгін 20 мамырда ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" МКК директоры А.Т. Қодасбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары С. М. Адамбаевпен, Қ.І. Нұр және "Аманат" партиясының Алмалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.И. Әлбисеновпен бірлесе отыра, Мемлекет басшысы жариялаған конституциялық реформаны түсіндіру бойынша орталық қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутаттар ҚР Конституциясының баптары бойынша ұсынылған көптеген өзгерістердің маңыздылығын айтып берді.

Орталық қызметкерлері пікірталасқа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап алды.