Бүгін – өмірлерінде бірде - бір рет қателесуге қақысы жоқ мамандық иелерінің, ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі. Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын барша дәрігерлерімізді, дәрігер тағайындаған барлық медициналық ем-шараны уақытымен орындауға асығатын мейіргерлеріміз бен тазалық үшін аянбай тер төгіп жүрген санитарларымызды бүгінгі мерекелерімен Орталық директоры Алмат Тұрысбекұлы және «Медик» кәсіподақ ұйымының төрағасы Қаратаев Қайрат Қаратайұлы құттықтап, үздік медицина қызметкерлерін марапаттады.