Алматы қалалық кардиология орталығының рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Оразбек Сахов 2022 жыл қазан айының 8-9 жұлдызында Азербайжан интервенциялық кардиологтар қоғамының шақыруымен осы қоғамның IV халықаралық конгресіне қатысты.

Конгреске әлемнің 7 елінен 421 дәрігер қатысты, 92 ғылыми баяндама жасалып, әртүрлі ота залынан 8 трансляция жасалынды.

Оразбек Сахов "Күрделі коронарлық интервенциялар" сессиясының спикері ретінде 2 баяндаманың талдауына және Бакудың Орталық клиникалық ауруханасынан берілген күрделі отаның талдауына қатысты, және Қалалық кардиологиялық орталықтың тәжірибесімен бөлісті.