Жаңалықтар

15.09.2014 ж. ҚКО-та доктор Яманэ Масахистің қатысуымен Қазақстанда тұңғыш рет жүрекке жасалған эндоваскулярлық отаның жаңа түрі - ротаблатормен атеросклероздық түйіндерді алып тастау клиникалық практикаға енгізілді. Ротаблатор – жоғары жылдамдықты алмас «мини-бұрғының» көмегімен атеросклероздық түйіндерді механикалық бұзуға арналған аппарат. Алмас жалатқан жіңішке бұрғы (диаметрі 1,25 – 2,0мм) минутына 140-200 мың айналым жасайтын жылдамдықпен жүрек ...

2014 жылы 5 шілдеде Мирано клиникасынан келген итальяндық интервенциялық кардиолога Бернард Реймерстің қатысуымен «Коронарлық артерияның кальцийленген зақымдануы кезінде

2014 жылы 5 шілдеде Мирано клиникасынан келген итальяндық интервенциялық кардиолога Бернард Реймерстің қатысуымен «Коронарлық артерияның кальцийленген зақымдануы кезінде ротоблаторды қолдану» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Күнделікті коронарография жүргізу кезінде біз коронарлық тамырлардың кальцийленген зақымдануын кездестіреміз, емдеу барысында реваскуляризация әдісін, яғни АКШ немесе стенттеу жүргізу қиындайды...

Қазақстан кардиологтарының VI Конгресінде біздің директор Алмат Тұрысбекұлы Қодасбаев «Қазақстанныңүздіккардиохирургі» аталымы бойынша Еуропалық кардиологтар қоғамының экс-президенті Роберто Ферраридің қолынан Құрмет грамотасын алды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Р.К.Қабыкеновабіздің директорды «Ақжүрек» белгісімен марапаттады.

2014 жылғы 20 маусымда Алматы қ. КСК бойынша кураторлармен бірге жоспарлы тексерумен ҚР ДСМ бас терапевті Р.К. Қабыкенова келді.Тексеру барысында медициналық құжаттамалар және ЖКС алгоритмдері бойынша барлық медицина қызметкерлерінің білімі тексерілді.

2014 жылғы 06 маусымда Алматы қаласының барлық медициналық мекемелерінде Медицина қызметкерлері күніне орай флэшмоб өтті. Орталықтың барлық қызметкерлері қатысты, соның ішінде ПОҚ және С.Д.Асфендияров атд. ҚазҰМУ мен АМК. Флэшмоб бағдарламалары мен музыкасы Алматы қ. ДСБ бекітілген.

Қалалық Кардиологиялық орталықтан қатысқандар: Қуанышбеков А.А., Ялгашев Ж. Қуанышбеков Ален Ашимович мәреге келген алғашқы ондықтың құрамында болып, веложарыстың қатысушы сертификатын иеленді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық бақылау комитеті 21жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елімізде энергетикалық сусынды шамадан тыс қолданудың денсаулыққа кері әсер ететіндігі туралы бүгінгі күні қызу талқыланып жатқаны комитетте айтылды. Министрлік осы тақырыпта сарапшылардың және ...

Әлемдік кардиохирургия қайраткері Тереза Кайзер Алматы қалалық кардиологиялық орталықтың операция бөлмесінде шеберлік сағатын өткізді. Канадалық профессордың пышағына түсу коронарлық қан айналымы бұзылған әйелге бұйырды. Операция жасанды қан айналымы аппаратын қоспай, соғып тұрған жүрекке жасалды. Профессорға қалалық кардиоорталық хирургтері ассистент болды. Екі шунттау жасалды, операциядан кейінгі кезең – көз тимесін – сәтті өтті.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қала Әкімі Ахметжан Есімов құттықтады. Үздік дәрігерлер марапаттарға ие болды: биылғы жылы, негізгі төрт номинациядан бөлек...