3-кардиология бөлімі Алматы қаласы Қалалық кардиология орталығының базасында 2007 жылы құрылған. Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты кардиолог-дәрігер Шынар Айтжанқызы Тыналиева.

Бөлімде 5 дәрігер жұмыс істейді:
  • Жоғары санатты кардиолог-дәрігер Хамраева Гуляндам Момынжанқызы
  • Бірінші санатты кардиолог-дәрігер Абдыкеева Руфия Адипқызы – 2008ж. Израильде клиникалық кардиология бойынша оқудан өтті.
  • Бірінші санатты кардиолог-дәрігер Апиева Н.И.
  • Кардиолог-дәрігер Альжанова Изаура Караматдинқызы – 2013ж. кардиология бойынша алғашқы маманданудан өтті, функционалды диагностика бойынша және кардиология бойынша маман сертификаты бар.
  • Кардиолог-дәрігер Замзаева Бақытгүл Жаңабайқызы – 2011-2014жж. Алматы қ. ҚРМУ кардиология бойынша резидентурада оқыды.

Қазіргі уақытта бөлім 40 төсек-орынға арналған. Бөлім ересек пациенттердің жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларына диагностика жасауға және емдеуге маманданған, заманауи жабдықтармен жабдықталған бөлім зерттеу мен емдеу әдістерінің кең спектрін қолданады. Бөлімде бір, екі және төрт орындық жайлы палаталар бар. 2015 жылы сейсмологиялық күшейту мақсатында бөлімге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыр науқастар және сараланған диагностиканы талап ететін науқастар үшін қажетті жабдықтармен (оттегін орталықтан беру, ағзаның өмірлік маңызы бар функцияларына бақылау жасауға арналған монитор, дефибриллятор, жүрек қызметі оқыс тоқтаған кезде көмек көрсетуге арналған жиынтық) жабдықталған субинтенсивті палаталар бар.

Бөлім фойесінде науқастар өз аурулары туралы ақпарат алатын көрнекі құралдар (стендтер, ақпараттық плакаттар) бар. Күніне 1 рет салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бейнеролик көрсетіледі. Сонымен қатар бөлімде медицина қызметкерлерінің жайлы жұмыс жасауы үшін (ыңғайлы пост, қызметкерлерге арналған жуынатын бөлме, арнайы демалыс бөлмесі, тәулігіне 24 сағат интернетпен қамтамасыз етілген ыңғайлы ординатор бөлмесі) барлық жағдай жасалған.

Бөлімде зерттеудің келесі түрлері жүргізіледі: алған мәліметтердің түсініктемесін беретін заманауи алты каналдық кардиографта жасалатын электрокардиография, допплерографиясы бар эхокардиография (жүректі ультрадыбыстық зерттеу), кеуде қуысы органдарына рентгенография.

Сонымен қатар, зерттеулердің зертханалық әдістері кеңінен қолданылады (жалпы қан және несеп талдамасы, ауруының бірінші сағаттарында миокард инфаркты көрсетікштері ретінде жоғары сезімталды тропанинді анықтау, қанның липидтік спектрі, коагулограмма, МНО анықтау, бауыр және бүйрек көрсетікштерін анықтау, гармонға қан талдамасы, ауруға саралап диагностика жасау үшін қажетті басқа да талдамалар).

Зерттеудің сәулелік әдісін (компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография) жүргізуге байланысты диагностика жасау қиындығы туындағанда бөлімнің келісімшарт бойынша қаланың ірі орталықтарына жіберуге мүмкіндігі бар.

Бөлім дәрігерлері профессор Б.С.Искаков жетекшілік жасайтын Асфендияров атд. ҚазҰМУ жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасымен тығыз байланыс орнатқан, бөлімге профессор, м.ғ.к. Р.К. Альмуханбетова жетекшілік жасайды.

Кафедра қызметкерлерімен бірге бөлімде ауыр науқастар бойынша консилиум, консультация, курация жүргізіледі, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарға ғылыми мақалалар жариялайды.

Бөлім дәрігерлері Қазақстан және Еуропа кардиологтар қоғамының мүшесі болып табылады, өз жұмыстарында заманауи кардиология жетістіктерін қолданады. Сонымен қатар, дәрігерлер әлем клиникаларында (Ресей, Оңтүстік Корея) өз білімдерін үздіксіз жетілідіріп отырады, шетелдік мамандар ұйымдастырған шеберлік сыныптарына қатысады.

Бөлімдегі негізгі жұмыстарынан басқа, 3-кардиология бөлімі дәрігерлері Алматы қ. тұрғындарына консультативті көмек көрсетеді, Ашық есік күндеріне белсене қатысады, терапевт-дәрігерлер мен кардиологтарға әдістемелік және консультативті көмек көрсете отырып, қала емханаларына (№9, 13, 14, 19, 30, 33, Алатау) жетекшілік жасайды.

3-кардиология бөліміне келесі нозологиялық формаларымен пациенттер жатқызылады:
  • Жіті конорарлық синдром
  • Жіті миокард инфаркты
  • Тұрақсыз стенокардия
  • Артериялық гипертензия
  • Кардиомиопатия (дилятациялық, гипертрофиялық, перипорталық)
  • Қақпақшалық аппарат патологиясы бар науқастар (консервативті емдеу және хирургиялық емге дайындау мақсатында)
  • Аритмияның алуан түрлері (соның ішінде жасанды имплантацияны қажетсінетін науқастар)
  • Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар
  • Жіті миокард инфаркты
  • Жіті миокард инфаркты
  • Жіті миокард инфаркты бар науқастарды оңалту.

Бөлімнің орта және кіші буынды медицина қызметкерлері - жедел кардиология жұмысында үлкен тәжірибесі бар мамандар. Бөлімнің аға мейіргері – Сарыбаева Б.Г.