5-кардиология бөлімі қалалық кардиология орталығының құрылымдық бөлімі болып табылады. Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаментінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 219 бұйрығы бойынша жүрек ауруымен ауыратын пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында құрылды.

Бөлім меңгерушісі жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, ЕКҚ мүшесі Туякбаева Алина Геннадьевна.

Шұғыл кардиология бөлімі науқастарды тәулік бойы қабылдап, емдейді. Бөлім 40 орынға арналған, 2 қарқынды ем көрсететін палатасы бар.

Бөлімге жіті миокард инфаркты, тұрақсыз стенокардия, жіті жүрек өтімділігі және жүрек қағысы бұзылыстары, жіті жүрек жеткіліксіздігі және жүрек-қан тамыры жүйесінің басқа да өміріне қауіпті патологиясы бар науқастар түседі. Сонымен қатар бөлімде ИЖА созылмалы түрімен, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокард және перикард, эндокардит жүрек патологиясы бар науқастар емделеді. Жүрекке механикалық қолдау көрсететін құрылғысы бар (LVAD) пациенттер қаралады.

Кардиология бөлімінің ангиография және эндоваскулярлық хирургия, кардиохирургия және аритмология бөлімдері мамандарымен тығыз байланысы жіті миокард инфаркты дамуының алғашқы сағатында жоғары мамандандырылған, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге (артерия өтімділігін қалпына келтіру және миокард инфарктының дамуын тежеу) мүмкіндік береді. Бұл науқастардың мүгедектікке шалдығу деңгейін айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді. Бөлімнің негізгі міндеті жіті миокард инфарктын және жіті коронарлық синдромды емдеу болып табылады.

Бөлімде жылына 1200 - 1300 жуық стационарлық (оның ішінде жіті миокард инфаркты бар науқастар 350 – 400) науқас емделіп шығады. Бөлім барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған: төсек жанындағы монитор, электрокардиограф, эхокардиограф, тредмил, холтер-мониторлар бар.

Жоғары білікіті мамандар және медициналық диагностикалық және емдеу аппаратураларымен жабдықталу дәрежесі, әлемнің жетекші ғылыми және практикалық медициналық мекемелерімен ынтымақтастығы медициналық қызмет сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігінің кепілі болып табылады. Барлық дәрігердердің «кардиология» мамандығы бойынша сертификаттары бар, сонымен қатар «Жіті коронарлық синдромы бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетудің заманауи қағидаттары» бағдарламасы бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. Ғылыми базаны пайдалана отырып, заманауи жабдықтарда диагностика жасап, ем жүргізу пациенттерді емдеудің тамаша нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бөлім дәрігерлері

  • Бағланова Ләззат Сайлаубекқызы
  • Ибраимова Алтынай Даулетжанқызы
  • Лұқпанова Әйгерім Қуанышәлиқызы
  • Қожанова Әсем Әбдісадыққызы
  • Әлімжанова Салтанат Қуанышқызы

Аға мейіргер Қалкаева Қаншаийм Қожаққызы, жоғары біліктілік санаты бар мейіргер, 2007 жылы «медициналық-биологиялық іс» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітірген.

Бөлім С.Д. Асфендияров атд. ҚазҰМУ №2 ішкі аурулар кафедрасының клиникалық базасы болып табылады. Бөлімге м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер Ш.Б. Жангелова жетекшілік жасайды.