Алматыда 9,0 см болатын үлкен жүрек ісігі сәтті жойылды

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында жүрек ісігін — сол жақ атриум миксомасын алып тастау бойынша шұғыл ота сәтті өтті.

Науқас, 53 жастағы ер адам, ентігу мен жүрек соғуына шағымданған. Жүрекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізгеннен кейін сол жақ атриумның жазықтығында жылжымалы өлшемі шамамен 6 см ісік тізілімі — сол жақ қарыншаның қуысына пролабирленген миксома анықталды.

Ісік науқастың өміріне үлкен қауіп төндірді, өйткені ол бөлшектенуі мүмкін және оның бөліктері қанға түсіп, ми және басқа да маңызды мүшелерді қамтамасыз ететін қан артерияларының бітелуіне әкелуі мүмкін.

«Аталған жағдайда бұл әсіресе өзекті болды, өйткені ол бірнеше жыл бұрын инсульт алған», — дейді кардиохирургия меңгерушісі Нұржан Мүсірепов.

Науқасқа жедел түрде жасанды қан айналымы жағдайында ісікті алып тастау отасы жасалды.

Ота екі сағатқа созылды және ашық әдіспен жүргізілді.

Хирургиялық араласу кезінде миксома мөлшері ультрадыбыстық зерттеуге қарағанда үлкенірек 9,0 см-ден асатыны анықталды.

Ота сәтті өтіп, ісік толығымен жойылды. Осылайша, Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы мамандарының уақтылы диагностикасы мен кәсібилігінің арқасында пациент мүгедектікке не өлімге әкелуі ықтимал асқынулардан аман қалды.

Қазір пациент мамандардың бақылауында және қалпына келтіру кезеңінен өтіп жатыр. Оның өміріне еш қауіп төнбейді.