Жүрек – қан тамыр жүйесінің реабилитациясы – дегеніміз, науқастың жеке ағзасының ерекшеліктеріне байланысты, жаттығулардан, үйрету іс — шараларынан тұратын, жүректің кез келген ауруынан  кейін немесе жүрек – қан тамыр жүйесіне ота жасалғанан кейінгі ағзаны қайта қалпына келтіру жағдайы.

Жүрек — қан тамыр жүйесінің рабилитациясы 3 кезеңнен өтеді: ауруханалық,  жазылу кезеңі (шипажайларда немесе реабилитациялық орталықтарда), сүйемелдейтін кезең (от басына оралады, амбулоторлы – емханалық қадағалауда болады).

Жүрек реабилитациясының міндеттері: 

  1. Аурудың өршуінің алдын алу,бұл пациенттің физикалық белсенділік мүмкіндіктерін кеңейтуге, өмір салтын өзгертуге мүмкіндік береді.
  2. Өмір сапасын жақсарту.
  3. Пациентті мүмкіндігінше ертерек толық және белсенді өмірге қайтару, физикалық қабілеттерін дамыту.

Реабилитацияның мақсаты:

  • Жүрек қантамыр жүйесінің жағдайын қалпына келтіру;
    • Ағзаның жалпы жағдайын нығайту;
    • Ағзаны қалыпты физикалық белсенділікке дайындау;
    • Әлеуметтік және кәсіптік реабилитация;
    • Дәрілік заттардың мөлшерін төмендетуге жағдай жасау;
    • Өмір сапасын жақсарту.

Реабилитацияның кезеңдері:

  1. Бейімделу кезеңі. Бұл кезеңде науқасқа алғашқы медициналық тексерулер жүргізіледі (дәрігерлер науқастың жағдайын, физикалық жүктемелерге дайындығын бағалайды
    1. Негізгі кезең. Бұл кезде физикалық жүктеменің көлемі, ұзақтығы ұлғаяды.
    1. Қорытынды кезең. Осы кезеңде науқасты қорытынды тексерулер жасалады, науқастың мүмкіндіктеріне қарай мөлшерленген физикалық жүктемелер тағайындалады.

 Реабилитация кезеңдеріне  келесі тапсырмалар жүктеледі:

  • Физикалық – жүрек-қантамыр жүйесінің қызметі мен науқастардың еңбекке жарамдылық қабілетін ең жоғарғы мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу.
    • Психологиялық – жүрек-қантамыр ауруларына ұшыраған науқастарда (миокард инфаркты, ЖИА) қорқыныш сезімі пайда болады, сондықтан науқастарға психологиялық реадаптация жүргізу қажет.
    • Әлеуметтік реабилитация – науқастың еңбекке жарамдылығын барынша сақтап қалуға негізделген.

Жүрек қантамыр аурулары кезіндегі реабилитацияның негізінде  физикалық жаттығулар жатыр. Бұндай жаттығулардың нәтижесінде науқастың  физикалық белсенділігі қалыпқа  келеді, жүрек бұлшықеттерінің тонусы жоғарылайды, еңбекке қабілеттілікке бейімделеді. Ауруханадан кейінгі  реабилитация науқастарға алдағы аурулардың алдын алуға, толыққанды өмір сүруге, ауру жиілігін азайтуға мүмкіндік береді.чая различные виды помощи по преодолению последствий заболевания, изменению образа жизни, снижению воздействия факторов риска с целью определения цели реабилитации, необходимости и достаточности, продолжительности, последовательности и эффективности участия каждого специалиста в каждый конкретный момент времени течения реабилитационного процесса. Реабилитационная бригада определяет индивидуальную программу реабилитации пациента, осуществляет текущее медицинское наблюдение и проведение комплекса реабилитационных мероприятий.

ТАСЫРОВА СӘУЛЕ ТӨЛЕНБАЙҚЫЗЫ

Лауазымы: Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталығының оңалту қызметімен кардиология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты кардиолог дәрігері.

Білімі: жоғары медициналық, 2009 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «емдеу ісі» мамандығы бойынша баклавриатын бітірген.

2010 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Терапия» мамандығы бойынша.интернатурасын бітірді.

2010 жылы «Кардиология» мамандығы бойынша қайта даярлау (1080 сағат), Кардиология және ішкі аурулар ҚазҒЗИ. Алматы Қ.

Жұмыс тәжірибесі: 2010ж бастап Алматы қаласы, Қалалық кардиология орталығының кардиолог дәрігері

12.04.2024ж бастап Алматы қаласы, Қалалық кардиология орталығының оңалту қызметімен кардиология бөлімшесінің меңгерушісі

АРХАБАЕВА НАЗИМА НҰРХАЛИҚЫЗЫ

Лауазымы: Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталығының оңалту қызметімен кардиология бөлімінің жоғары санатты кардиолог дәрігері.

Білімі: жоғары медициналық, 2007 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «емдеу ісі» мамандығы бойынша баклавриатын бітірген.

2008 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  «емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатурасын бітірді.

2009 жылы «Кардиология» мамандығы бойынша қайта даярлау Кардиология және ішкі аурулар ҚазҒЗИ. Алматы Қ. (1080 сағат).

Жұмыс тәжірибесі: 2008ж бастап Алматы қаласы, Қалалық кардиология орталығының кардиолог дәрігері

ДЖОРАЕВА МУНАРА СКАНДАРБЕКҚЫЗЫ

Лауазымы: Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталығының оңалту қызметімен кардиология бөлімінің жоғары санатты кардиолог дәрігері.

Білімі: жоғары медициналық, И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Медицина Академиясын 2010 жылы «Емдеу ісі » мамандығы бойынша ординатураны бітірген. Бішкек қ.

2012 жылы М.М. Миррахимов атындағы Кардиология және терапия  Ұлттық орталығы, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қосымша медициналық білім беру ғылыми-әдістемелік оқу орталығында «Кардиология» бойынша резидентураны бітірген. Бішкек қ.

2023 жылы  «Функционалды  диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлау курсын өтті. Алматы қ.

Жұмыс тәжірибесі:

2013ж – 2014ж аралығында АККА – кардиолог-дәрігері

2014ж бастап Алматы қаласы, Қалалық кардиология орталығының кардиолог дәрігері

ОМИРБАЕВА ЖАДЫРА УСЕНОВНА

Лауазымы: Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталығының оңалту қызметімен кардиология бөлімінің кардиолог дәрігері.

Білімі: жоғары медициналық,  2013 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «жалпы медицина» мамандығы бойынша баклавриатын бітірген.

2015 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Терапия» мамандығы бойынша интернатура бітірген.

2018ж – 2021ж аралығында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Кардиология, Ересектер  және балалар аурулары» мамандығы бойынша резидентура бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

 01.2016ж — 06.2016ж аралығында – Күндізгі стационардың терапевт-дәрігері — МЦ «Алмед»

04.2019ж — 23.12.2023ж аралығында — Терапевт «ЖШС  Көз аурулары ҒЗИ»

20.03.2022ж – 23.12.2024ж аралығында – кезекші кардиолог-дәрігер,  Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталығы

23.12.2024ж бастап Алматы қаласы, Қалалық кардиология орталығының кардиолог дәрігері

ӨНЕРБЕКОВА АЙДАНА БЕЙБІТҚЫЗЫ

Лауазымы: Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталығының оңалту қызметімен кардиология бөлімінің аға мейірбикесі.

Білімі: 2011ж МТМК Талғар медицина колледжі – «емдеу ісі»

2022ж – 2024ж – Бакалавр ВМК «Интердент»

Жұмыс тәжірибесі: 2011ж бастап Алматы қаласы, Қалалық кардиология орталығының мейрбикесі

25.09.2024ж бастап Алматы қаласы, Қалалық кардиология орталығының оңалту қызметімен кардиология бөлімшесінің аға мейрбикесі