ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" КМК (бұдан әрі - ҚКО), мекенжайы: Алматы қаласы, 050012, Төле би көшесі, 93, анықтама телефоны: 8-717-2254786, e-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. директордың клиникалық және ғылыми қызмет жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу мерзімдері: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң.

Конкурстың өтетін орны: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 93 үй.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау күні: 27.10-10.11.2023ж. сағат 9.00 – 18.00 дейін

Кәсіпорынның атауы: Алматы қ. ҚДСБ "Қалалық кардиологиялық орталық" ШЖҚ КМК (бұдан әрі-Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан жері: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 93 үй, телефон 8 (727) 225-47-86, электронды поштасы: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її..

Ұйымның негізгі қызметі – Алматы қаласының тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде шұғыл, жоспарлы кардиологиялық, кардиохирургиялық және шұғыл жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек, сондай-ақ амбулаториялық және ақылы қызметтер көрсету.

Білуі керек:

ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"ҚР Заңы.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Клиникалық және ғылыми қызмет жөніндегі орынбасары үшін

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсы (қайта даярлау) туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; немесе MVA executive немесе full time дәрежесі, мғд, мғк, PhD ғылыми дәрежесі, "Кардиология" мамандығы бойынша маман сертификаты, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда Жарияланымдар (кемінде 3 басылым), КОКСОН журналдарында жарияланымның болуы (кемінде 3 жарияланым) және патенттердің болуы (1 және одан көп), Хирш индексі – 3 және одан жоғары.


Алматы қ. ҚДСБ

ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» КМК

БСН 990240002969

Әңгімелесуге жіберілгендер үміткерлер тізімі  және оны өткізу кестесі

Алматы қ.31.07.2023ж.

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» КМК Бақылау кеңесі ұсынылған құжаттарды қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарап,

 

ШЕШТІ:

- қатысушы Куанышбекова Роза Тохтаналиевна әңгімелесуге жіберілсін;

- 02.08.2023ж., сағат 15:00-де Куанышбекова Роза Тохтаналиевнамен әңгімелесу өткізілсін.


ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" КМК Байқау кеңесі (бұдан әрі - ҚКО), мекенжайы: Алматы қаласы, 050012, Төле би көшесі, 93, анықтама телефоны: 8-717-2254786, e-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.  10.07.2023ж. бастап МКК директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу мерзімдері: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң.

Конкурстың өтетін орны: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 93 үй.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау күні: 14-28.07.2023ж. сағат 9.00 – 18.00 дейін

Кәсіпорынның атауы: Алматы қ. ҚДСБ "Қалалық кардиологиялық орталық" ШЖҚ КМК (бұдан әрі-Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан жері: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 93 үй, телефон 8 (727) 225-47-86, электронды поштасы: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її..

 

Ұйымның негізгі қызметі – Алматы қаласының тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде шұғыл, жоспарлы кардиологиялық, кардиохирургиялық және шұғыл жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек, сондай-ақ амбулаториялық және ақылы қызметтер көрсету.

Лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

 

Білуі керек:

ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"ҚР Заңы.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе «денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе «денсаулық сақтау және (немесе) бизнес және құқық»  даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе MВA executive немесе full time дәрежесі, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

 

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

 

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

 

Байқау кеңесі басшы (директор) лауазымына орналасуға арналған конкурсты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органының басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асыратын болады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда №20768 болып тіркелген).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

      Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

      2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

2022 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласының МҰ бос лауазымдар (дәрігерлер, ҚМЖ және ӘШБ) туралы ақпарат

№ р/с

Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының атауы

Ұйымның мекенжайы

(көшесі, үй №, байланыс тел.)

Бос лауазым атауы

Ставка (толық/толық емес)

ШЖҚ " Алматы қ. қалалық кардиология орталығы"МКК




Төле би көшесі, 93

тел: 225-47-86




Психолог

0,5

Диетолог - дәрігер

0,5