Құрметті Алматы қ. қалалық кардиологиялық орталықтың сайтына кірушілер!

Мен осы сайт беттерінен біздің медициналық қызмет көрсететініміз туралы пайдалы әрі оперативті ақпарат алуға мүдделі тұлғаларды, яғни Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Біздің сайт беттерінен Сіздер Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК даму тарихымен және қызметінің негізгі бағыттарымен таныса аласыздар.
Қалалық кардиологиялық орталық заманауи бірегей медициналық жабдықтармен жабдықталған, алайда оның басты игілігі – қазіргі заманғы диагностика, науқастарды емдеу және оңалту саласындағы соңғы жетістіктерді меңгерген, жоғары білікті, кәсіпқой мамандар. Орталық қала тұрғындарына тәулік бойы медициналық қызмет көрсетеді. Біз сіздерге сапалы медициналық қызмет көрсетуге кепілдік береміз.


Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы