БІЗДІҢ ИННОВАЦИЯЛАР

Аз жарақат алу есебінен ерте оңалтуға қол жеткізу мақсатында MIDCAB торакотомиялы қолжетімділік арқылы аортокоронарлық шунттаудың миниинвазивті оталары. Ауырсыну деңгейі және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектердің мөлшері азаяды. Отадан кейінгі стационарда жату мүмкіндігі жоқтың қасы. Отадан кейінгі асқынулар – сирек болатын құбылыс.

Миниинвазивті аортокоронарлық шунттау



Табиғи қолқа қалпақшасына біршама ұқсас Freestyle биопротезі айтарлықтай гемодинамикалық жетістікті қамтамасыз етеді. Каркассыз қалпақшалар өзінің функционалдық ерекшеліктері бойынша қолқа ұстанымында каркасты және механикалық қалпақшаларды басым түседі. Протез арқылы қан ағымына үлкен кеңістік қалады.

Қолқа қақпашасының каркассыз биологиялық протез Freestyle ауыстыру



Жақын және алыс кезеңдерде болжам жасау, өміршеңдігін және аурудың клиникалық ағымын жақсарту үшін жүрек шығырылымы фракциясы төмен науқастардың ашық жүрегіне ота жасау уақытында левосименданды интракоронарлық енгізу.

Левосименданды интракоронарлық енгізу



Негізі жүректің көлемді моделін құру болып табылатын жоғары технологиялық ультрадыбыстық зерттеу. Жүрек құрылымын үш өлшемді бейнеде алуға және бұзылыстарды жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

3D форматы көлемінде эхокардиография жүргізу



Magmaris инновациялық  биорезорбирлеуші каркас имлантациясы

Артықшылығы:

  • Каркасты толық сіңіргеннен кейін артерия қабырғасының табиғи жиырылғыш қабілетін қалпына келтіру;
  • Артериялардың бос аралығында бөгде материалдардың болмауы салдарынан локальді қабынуды және рестенозды минимумға жеткізу;
  • Қайта араласуды (ИКА немесе АКШ) немесе МРТ, КТ сияқты инвазивті емес зерттеулер жүргізуді жеңілдету;
  • Кейбір науқастар үшін психологиялық кедергілерді болдырмау – организмде тұрақты имплантаның жоқтығы болып табылады.


«HomeMonitoring» onlinе режимінде науқас жағдайына телемониторинг жүргізу

«HomeMonitoring» медициналық сервисінің негізі (нақтырақ: үй мониторингі) электронды имплантат (ЭКС немесе ИКД) және науқас аспабы арасындағы телеметриялық байланысты орнату болып табылады.Бұл дәрігерге аритмияның қауіпті жағдайы, емнің әсері, электрокардиотерапия жүйесінің жағдайы, ауруының асқынуы нәтижесінде науқастың жағдайы төмендегенге дейін араласудың қажеттілігі туралы деректерді алуға мүмкіндік береді.



Инновации ГКЦ(жүктеу)

Презентация Инновации ГКЦ за 2014г. (жүктеу)

Инновациялық технологиялар (жүктеу)

Орталықта енгізу:

  • Тромболизистен кейін тері арқылы конорарлық араласу (ТКА).
  • Стентирлеу кезінде трансрадиалды қолжетімділікті пайдалану.
  • Аспирациялық катетерді пайдалану.
  • Аортокоронарлық тамырластыру операциясы кейін науқастардың аутовеннозды шунтын стентирлеу.
  • Жіті коронарлық артерия тромбозында тромболитикті интракоронарлық енгізу.
  • Гибридті операциялар – аорто-коронарлық шунттау + тері арқылы коронарлық араласу.
  • Миокард вакуумдық тұрақтану жүйесінің көмегімен жұмыс істеп тұрған жүрекке аорто-коронарлық шунттау операциялары.
  • Биммамарлық шунттау.
  • Секвенциалды шунттау.
  • Композитті шунттау.
  • Миокард гибридті реваскуляризациясы (стентирлеу + аорто-коронарлық шунттау).
  • Ультрафильтрлеуді қолдану.
  • Қанды кардиоплегия - ҚР өнертабысына №62767 инновациялық патент енгізілді.

ҚКО өзінің жұмысы барысында емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу жолымен, оның ішінде оперивті түзету жолымен жүректің ишемиялық ауруын емдеудің сапалы деңгейіне қол жеткізді, сонымен қатар қала тұрғындарына тәулік бойы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отыр.

Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталықтың рентгенхирургиясы бөлімінде 2012 жылы енгізілген инновациялар

  • Жүрекше аралық қалқа ақауын Амплатцер окклюдерімен жабу
  • Қатерлі артериялық гипертензияда бүйрек денервациясы
  • Ішкі коронарлық тамыр қысымының градиентін өлшеу
  • Тамырішілік компьютерлік томография (ОСТ)
  • Толық сорып алатын құрылғы имплантациясы – коронарлық артерия Абсорб скаффолда
  • Пациент жүрегіне ресинхрондау терапиясын жүргізу үшін қашықтағы мониторинг қызметі және бейімдеу жиілігі бар үш камералы кардиовертердефибриллятор имплантациясы.

Рентгенхирургиясы бөлімі (меңгерушісі Сахов О.С.) 2012 жылдың қазанынан бастап енгізген инновацияларының қорытындысы бойынша барлық пациенттердің жағдайы жақсы, тімділігі өте жоғары:

1. Жүрекше аралық қалқа ақауы (ДМПП) — жүректің туа біткен кемістігі, жүректің жоғарғы камералары – жүрекшелері арасындағы байланыс. ДМПП жүректің туа біткен кемістігінің ең кең тараған түріне жатады, барлық жүректің туа біткен кемістігі арасындағы жиілік 6-10% .

Емдеудің жалғыз ғана тиімді әдісі хирургиялық болып табылады. Операцияны орындау үшін көрсеткіш қан айналымының бұзылу дәрежесі болып табылады. Бүгінгі таңда ақауды жабудың хирургиялық екі тәсілі бар: эндоваскулярлық тәсіл және жасанды қан айналымы жағдайындағы операция (ДМПП бүріп тігу немесе өзінің жүрекқабынан жамау жасау арқылы пластикалық жабу, ксеноперикард - анатомиялық құрылысы және ақау өлшеміне байланысты).

Эндоваскулярлық әдістің маңыздылығы кеуде клеткасын ашудың қажет болмайтындығы және жасанды қан айналымы мен жасанды өкпе вентеляциясын қолдану, ем-шараның қысқа уақытта орындалуы, перикардит белгісінің болмауы, пациенттердің ауруханаға жату және оңалту кезеңінің ұзақтығының қысқаруы, психологиялық көңіл-күйіндегі жайсыздықтың едәуір азаюы болып табылады.

2. Артериялық гипертония, әсіресе оның резистенттілік формасы, бүкіл әлемнің денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, себебі миокард инфаркты, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі және т.б. сияқты жүрек-қан тамыр ауруларының даму қаупі тез өсіп келеді. Артериялық гипертониямен дүние жүзінде 1,2 миллиард адам ауырады, бұл - өлімнің кең тараған себептерінің бірі. Ауруды емдеу үшін тура шығындар бүкіл әлемде жыл сайын 500 миллиард долларға бағаланады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жүрек-қан тамыр ауруларының құрамындағы артериялық гипертония ауруы 45% жуық, яғни әрбір екінші пациентте жүрек ауруының артериялық гипертониясы бар.

Резистенттік артериялық гипертония әртүрлі топтағы үш немесе одан да көп антигипертензиялық препараттармен емделгеніне қарамастан, артериялық қысымның жоғары деңгейін (140/90 мм рт.ст. жоғары) сақтауымен диагностикаланады. Артериялық гипертониясы бар пациенттердің 15% жуығы көпкомпанентті дәрі-дәрмек терапиясын алғанына қарамастан, артериялық қысымның мақсатты деңгейіне жетпейді, яғни дәрілік препараттар барлық пациенттер үшін тиімді емес.

Ренальді денервация – бұл бүйрек артериясының қалың қабатында орналасқан симпатикалық нервқа әсерн ету жолымен симпатикалық нерв жүйесінің шамадан тыс белсенділігін жоятын процедура. Жүйе радио жиіліктегі толқындар генераторынан және айналу механизмі бар бір реттік катетерден тұрады және катетер ұшынан басқарылады. Генератор радио жиіліктегі толқындар энергиясын шығарады және қауіпсіздікті сақтай отырып, процедура кезінде барлық параметрлерге үнемі бақылау жасап отырады.

3 және 4. FAME және PROSPECT сияқты ірі халықаралық клиникалық зерттеулер негізінде дәрігерлердің көпшілігі тек ангиография мәліметтеріне негізделген араласу стратегиясының шектеулі екенін мойындады; сондықтан тері арқылы коронарлық араласу стратегиясын және оның нәтижесін жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша аспаптарды дайындауда. OCT – жаңа аспаптардың бірі, көптеген сұрақтарға жауап беретін қан жүруінің фракциялық резервін бағалау (FFR) және тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу (IVUS – intravascular ultrasound), екі өлшемді рентген кескіндемелерін пайдалану кезінде түсініксіз болып қалады.

Жаңа көрнекілендіру әдістерінен айырмашылығы, қан жүруінің фракциялық резервін өлшеу (FFR) тартылған жердің функционалдық маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тартылуға дейін жіне одан кейінгі артериялық қысымы бір уақытта анықталады, олардың қатынасы есептелінеді, маңызды деңгей 0,8 төмен болып есептелінеді. Мысалы, егер стенозға дейін АД 100 мм рт.ст. болса, стеноздан кейін 64 мм рт.ст.болса, FFR 0,64 болады және бұл тартылу гемодинамикалық маңзыды болып табылады және стентирлеуді талап етеді.

5. Жүрек-қан тамыр аурулары бүкіл әлем бойынша еркектер мен әйелдер арасындағы өлімнің жетекші себепкері, ал олардың ішіндегі негізгі патологиясы жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) болып табылады. Қазақстанда дәлелді медицинаның заманауи жетістіктерін қолдану, емдеудің халықаралық стандарттарын енгізу, кардиохирургия және интервенциялық кардиологияның дамуы арқасында ЖИА-нан болатын өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік туды, алайда ол әлі де халықтың өлім-жітімі себептерінің көшбасшысы болып тұр.

«Бұл инновация біздің ЖИА емдеуге қалай қарайтынымыз жайлы парадигманың алға қарай жылжуын көрсетеді. Абсорб скаффолдының пайда болуымен өз жұмысын атқарып болғаннан кейін ұмыт болатын құрылығы туралы арман шындыққа айналды», дейді Patrick W. Serruys, профессор, интервенциялық кардиология департаментінің директоры, Тораксцентр, Нидерланды. (Анықтама үшін: scaffold – құрылыс ағаштары, яғни үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін жинап алынатын қондырғылар. Абсорб скаффолд деп атайды, себебі оның уақытша құрылым екенін көрсету үшін, тұрақты имплантат болып табылатын стенттен айырмашылығы осы).

Интервенциялық аритмолог, рентгенхирург Б.А. Рысмендиевпен 2012 жылдың қазанынан бастап енгізген инновациясының қорытындысы бойынша пациенттердің жағдайы жақсы, тиімділігі жоғары:

1. Имплантация үш камералы кардиовертердефибриллятор с частотной адаптацией и функцией удаленного мониторинга пациента для поведения ресинхронизирующей терапии сердца. Biotronik Home Monitoring® жүйесі пациенттің жағдайын үздіксіз бақылауға, сонымен қатар, пациенттің декомпенсациясын уақытында тоқтатуға, науқасқа қашықтан кеңес беруге, дәрі-дәрмек терапиясын өзгертуге және қажет болған жағдайда аппарат бағдарламасына немесе операциясына қажетті түзетулерді енгізу үшін пациентті клиникаға шақыруға мүмкіндік береді.


Тахиаритмияны интервенциялық емдеу

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК алғашқы рет электрофизиологиялық (ЭФЗ) зерттеу станциясы пайдалануға берілді, ол диагнозды және жүрек қағысы бұзылысын анықтау мақсатында жүрекішілік электро-физиологиялық зерттеу жүргізуге, сонымен қатар оны радиожиілікті аблация (РЖА) әдісімен жоюға мүмкіндік береді.

Осы ЭФЗ станциясы Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасымен алынды.

ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК 2014 жылғы 22-23 қыркүйекте ҰҒМО (Астана) мамандарының қатысуымен жүрек қағысы бұзылған пациенттерге 6 ЭФ-зерттеу және 5 табысты РЖА жүргізілді.

Мұндай ерте жасалған зерттеулер мен тахиаритмияны емдеу әдістері тек Республикалық ҒЗИ (Кардиологияжәне ішкі аурулар ҒЗИ, Сызғановатд. хирургия ғылыми орталығы) жүргізілген болатын.