ҚКО миссиясы
Кәсіби шеберлікті, жаңашылдық пен қайырымдылықты қолдана отырып, пациенттердің денсаулығын жақсарту және өмір жасын ұлғайту.

ҚКО болашақтағы көрінісі
Қалалық кардиология орталығының басты міндеті қала халқын жедел кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекпен толық қамтамасыз ету болғандықтан, ол жүрек ауруының барлық түрлерін емдеудің саны мен сапасы бойынша Алматыда көшбасшы болып тұр. Біздің мақсатымыз – әлемдік стандарттарға сай жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсететін республикадағы бірден-бір жетекші кардиологиялық орталыққа айналу.

ҚКО негізгі құндылықтары

  • кәсіби шеберлік – біздің пациенттеріміздің игілігі үшін барлық біліміміздің, мүмкіндіктеріміз бен тәжірибеміздің жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы;
  • жаңашылдық – тұрақты түрде даму үшін жаңа білімді игеруге және өзекті мәселелер бойынша жаңашыл шешімдерді меңгеруге тырысу;
  • қайырымдылық – әрбір пациентке шынайы түрде үнемі көмек көрсетуді қалау;
  • алқалық – жұмыс көлемі мен жауапкершілік тепе-теңдігі негізіндегі сенім мен ынтымақтастық;
  • жариялылық – жеке және ұжымдық әрекеттерде адалдық пен әдептілік қағидаттарын сақтау;
  • өз білімін тұрақты түрде жетілдіру мен дамытуға тырысатын интеллектуалды әлеует;
  • пациенттің абыройы мен жеке басын құрметтеу.

ҚКО мақсаттары

  • халықаралық стандарттар бойынша ғылыми-білім беру қызметін көрсетуге лайықты жоғары білікті мамандар ұжымын дайындау және сақтау;
  • табыстылықты жоғарылату және қызметті сәйкесінше қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  • Сапа менеджментін енгізу арқылы пациентке бағытталған тиімді медициналық көмек көрсету жүйесін құру;
  • халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті, ғылыми-инновациялық қызметті дамытуды жалғастыру;
  • медицина университеті кафедраларының клиникалық базасын кеңейте отырып, Республикаға қажетті мамандарды даярлауға қатысу;
  • Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсетуші болу.

ҚКО негізгі стратегиялық қағидаттары

Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын үздіксіз арттыру:

  • халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалау мен емдеудің ең алдыңғы қатарлы технологияларын, Орталық көрсететін медициналық көмектің барлық түрлері бойынша емдеудің заманауи әдістерін меңгеру және Орталыққа енгізу;
  • ұжымдық білім мен тәжірибені, үздік әлемдік кәсіби мектептердің дәстүрлерін қолдану, фундаменталды және қолданбалы ғылымның клиникалық практикамен тығыз байланысын қамтамасыз ету;
  • Алматы қаласыдағы кардиологиялық қызметтің дамуына зор үлес қосу.

2. Пациенттердің жоғары сенімі мен мінсіз беделіне қол жеткізу:

  • сапалы және қауіпсіз қызметті алуы үшін пациенттердің құқығын мүлтіксіз сақтау;
  • дәлелді негіздері бар заманауи медицинаның үздік жетістіктеріне негізделген емдеу әдістерін қолдану;
  • медициналық көмек көрсету барысында жарақат пен инфекция қатерін, емдеудің жағымсыз әсерлерін және басқа да қажетсіз салдарын төмендетуді қамтамасыз ететін, медициналық қоғамдастық мақұлдаған ем-шараларды қолдану;
  • әдептілік, жауапкершілік және адалдық тәртібі;
  • ар-намысын құрметтеу, жылдам кері байланыс жасау және пациенттердің қолайсыздығын болдырмау;
  • пациенттерге қолайлы жағдай жасау, мінсіз сервистік қызмет көрсету.

3. Тиімді корпоративтік менеджмент құру, өзінің ішкі әлеуетін толық қолдану:

  • корпоративтік басқарудың заманауи технологияларын қолдану, сапа менеджменті жүйесін енгізу және оның нәтижелігін тұрақты түрде арттыру;
  • қол жеткізген ағымдағы нәтижелері мен өз мүмкіндіктерін бағалауы бойынша өзін-өзі бағалауды қолдану, инновациялық жетістіктерді енгізе отырып, шығармашылықты ынталандыру үшін ыңғайлы бенч-маркалармен салыстыру;
  • жобалық менеджментті пайдалана отырып, өзгерістерді тиімді басқару, үдерістерді мақсатты түрде жақсарту;
  • Орталықтың миссиясын, болашақтағы көрінісін, қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қажетті біліктер мен мамандықтарды игерген мамандарды тарту, дамыту және сақтау;
  • Орталықтың миссиясын, болашақтағы көрінісін болашақтағы көрінісін, мақсаттарын жүзеге асыру үшін барлық қызметкерлерді жұмылдыру, командалық жұмыстар арқылы тұрақты табыстарға қол жеткізу;
  • қызметкерлердің тез үйрену және уақтылы әрекет ету қабілеттерін тәрбиелеу;
  • көшбасшылық және өзара қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және тарату;
  • Орталықтың беделі мен абыройын асқақтату мақсатында қызметінің барлық аспектілеріне инновацияны енгізу бойынша жұмыстарға қызметкерлердің қатысуын ынталандыру, күші мен жетістіктерін тану.

4. Жоғары миссияға сәйкестігін қамтамасыз ету:

  • Алматы қаласы тұрғындарына кардиологиялық және кардиохирургиялық жедел көмек көрсету бойынша миссияны орындау және өзіндік жауапкершілікті сезіну, оның тиімділігін жоғарылату және жетілдіру;
  • Алматы қаласы тұрғындарына кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуді жоғары деңгейде дамытуға қолдау көрсету, қолданылатын технологиялар мен барлық ресурс түрлерін жетілдіру бойынша миссияны орындау және өзіндік жауапкершілікті сезіну;
  • қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық және экологиялық тұрақтылығына өзінің әсер ету дәрежесі есебінен қызметті жоспарлау және іске асыру.