1 Жалпы ережелер
1.1 Осы медицина қызметкерінің этикалық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын/ҚКО/Орталық) медицина қызметкерлері лауазымдық міндеттерін атқару барысында басшылығына алу ұсынылған этикалық нормалары мен мінез-құлық ережелерінің жиыны болып табылады.
1.2 Кодекс ережесі ҚКО барлық медицина қызметкерлеріне арналған және ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес дайындалған.

2 Негізгі бөлім
2.1. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің этикалық кодексі медицина қызметкерлерінің азаматтар мен тұтас қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін анықтайды.
2.2. Денсаулық сақтау қызметкерлері өз қызметі барысында келесі моральдық және этикалық қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:
- осы Кодексті және ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті;
- ҚР азаматтарының денсаулығын нығайтуға ықпал ету;
- тек пациенттің мүдессіне қарай шешімдер қабылдау;
- Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық қызметкері деген жоғары атақтың беделін түсіретін әрекеттерді жасамау;
-өзінің қызметтік міндеттерін абыроймен және сапалы орындау;
- өзінің кәсіби білімін үздіксіз жетілдіру;
- өз пайдасы үшін жарнамалау, профилактика құралдары мен емдеу әдістерін қолданбау;
- еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау;
-денсаулық сақтау ұйымы мүлкіне ұқыпты қарау және тиімді қолдану;
- жемқорлыққа жол бермеу;
- пайда табу немесе жеке мақсаттары үшін қызметтік ақпараттарды пайдалануға жол бермеу;
- жеке басының үлгісімен ұжымда дұрыс және тұрақты моральды-психологиялық ахуалды құруға ықпал ету;
- өзге медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер тарапынан Ар кодексі нормаларын бұзуына жол бермеу;
- өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде бекітілген киім үлгісін сақтау.

3. Пациенттермен қарым-қатынас жасау барысында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер мыналарды орындауы тиіс:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және материалдық жағдайына немесе кез келген басқа да жағдайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен беделін құрметтеу;
2) медициналық көмекті қажетсінетін кез келген адамға көмек көрсету;
3) адам өмірін сақтап қалуды өзінің парызы санау;
4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал ету;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және басқа да бопсалаушылыққа жол бермеу, өз әріптестері тарапынан мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін күш жұмсау;
6) қоғам тарапынан негізді сынға түрткі болатын әрекеттерге жол бермеу, оған шыдамдылықпен қарау, өзінің кәсіби қызметін жақсарту және кемшіліктерді жою үшін сындарлы сынды пайдалану;
7) өз денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілік қағидаттарын түсіндіру.

4. Әріптестерімен қарым-қатынас барысында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер:
1) жалпы қабылданған моральды-этикалық нормаларды сақтауы, сыпайы және әдепті болуы;
2) риясыз көмектен бас тартпауы және пациент мүддесі үшін қажет болған жағдайда өзі де әріптестерінің кеңесіне жүгінуге;
3) басқа медициналық және фармацевтикалық қызметкердің көпшілік алдында кәсіби біліктілігіне күмән туғызбауы;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрі мен жетістіктерін көбейтуі тиіс.
5. Медицина қызметкерлерінің Ар кодексін сақтауы кәсіби борышы болып табылады.

Пациенттермен қарым-қатынас барысында денсаулық сақтау қызметкерлері:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және материалдық жағдайына немесе кез келген басқа да жағдайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен беделін құрметтеуге;
2) медициналық көмекті қажетсінетін кез келген адамға көмек көрсетуге;
3) адам өмірін сақтап қалуды өзінің парызы санауға;
4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал етуге;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және басқа да бопсалаушылыққа жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін күш жұмсауға;
6) қоғам тарапынан негізді сынға түрткі болатын әрекеттерге жол бермеуге, оған шыдамдылықпен қарауға, өзінің кәсіби қызметін жақсарту және кемшіліктерді жою үшін сындарлы сынды пайдалануға міндетті.

Әріптестерімен қарым-қатынас барысында денсаулық сақтау қызметкерлері:
1) жалпы қабылданған моральды-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайы және әдепті болуға;
2) риясыз көмектен бас тартпауға және пациент мүддесі үшін қажет болған жағдайда өзі де әріптестерінің кеңесіне жүгінуге;
3) басқа медициналық және фармацевтикалық қызметкердің көпшілік алдында кәсіби біліктілігіне күмән туғызбауға;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрі мен жетістіктерін көбейтуге міндетті.

Денсаулық сақтау қызметкері өз біліктілігі мен құзыретіне сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне бар күшін жұмсауы және өзі көрсеткен көмек сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Денсаулық сақтау қызметкері жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне, мекенжайына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сеніміне, сондай-ақ басқа да медициналық емес жағдайларға қарамастан кез келген адамға медициналық көмек көрсетуге міндетті.

Денсаулық сақтау қызметкері өзінің біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулығына және қолда бар ресурстар шегінде қызметтік міндеттеріне сәйкес сапалы және қауіпсіз медициналық, соның ішінде моральдық көмек көрсету үшін жауапкершілікке тартылады.

Денсаулық сақтау қызметкерінің моральдық міндеті – медициналық қауымдастық қатары тазалығын сақтау, өзінің және өз әріптестерінің қателіктеріне әділ талдау жасау. Әріптестерінің қиянатшыл әрі біліксіз практикасына, сонымен қатар пациенттің денсаулығына зиянын тигізетін әртүрлі текті кәсіпқойларға жол бермеу.

Медициналық және әлеуметтік қызметкердің қоғамдағы ролін ескере отырып, ол қоғамдық іс-шараларға, әсіресе салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларға қатысуға және оны қолдауға тиіс.

2.2 Міндеттері мен құқығы

2.2.1 Орталықтың медицина қызметкерлері міндетті:

2.2.1.1 өздерінің кәсіби міндеттерін лайықты орындауға, пациенттерге құрметпен және адамгершілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология қағидаттарын басшылыққа алуға;

2.2.1.2 аурудың алдын алуға және азаматтардың денсаулығын нығайтуға ықпал етуге, медициналық көмек көрсетуге;

2.2.1.3 шұғыл жағдайларда халыққа жедел медициналық көмек көрсетуге;

2.2.1.4. халық арасында салауатты өмір салтын және медициналық білімді насихаттау бойынша жұмыстар жүргізуге;

2.2.1.5. медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың ауруы, сырластық және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жарияламауға;

2.2.1.6. өзінің кәсіби деңгейін үнемі артыруға және жоғарылатуға, соның ішінде әрбір бес жыл сайын біліктілікті арттыру жолымен;

2.2.1.7. қажет болған жағдайда кеңес алу үшін басқа бейінді немесе жоғары білікті мамандарды тартуға.

2.2.1.8.Кәсіби міндеттерін атқару барысында медицина және фармацевтика қызметкерлерінің діни сенімдері бойынша қандай да бір әрекеттерді жасауына, сондай-ақ жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиянын тигізетін діни жоралар мен рәсімдерді жасауына тыйым салынады.

2.2.2 1 Орталықтың медицина қызметкерлері құқылы:

2.2.2.1. кәсіби қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайдың жасалуын талап етуге;

2.2.2.2. бес жылда бір рет бюджет қаражаты есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;

2.2.2.3. бюджет қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге немесе штат санының қысқаруымен немесе Орталықтың жабылуымен байланысты жұмыс берушінің жұмысшыны жұмыстан босатуына;

2.2.2.4. еңбек міндеттерін орындаумен байланысты өміріне немесе денсаулығына келген зиянды өтеуін талап етуге;

2.2.2.5. өзінің кәсіби қызметін жоғары сапалық деңгейде орындағаны үшін көтермелеуге;

2.2.2.6. өзінің кәсіби абыройы мен беделін қорғауға.

2.3 Дәрігерлік құпияны сақтау

2.3.1. Дәрігерлік құпия-медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулық жағдайы, ауру диагнозы және оны тексеру (емдеу) барысында алған басқа да мәліметтер туралы ақпарат дәрігерлік құпияны құрайды.

2.3.2. Оқу, кәсіби, қызметтік және басқа да міндеттерді орындау кезінде белгілі болған дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде белгіленген жағдайлардан басқаны тұлғалардың жариялауына жол берілмейді.

2.3.3. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті тексеру және емдеу мүддесі бар, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін және осы мәліметтерді оқу үдерісіне пайдалану үшін басқа жеке немесе заңды тұлғаға мәліметтерді беруге жол беріледі.

2.3.4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мына жағдайларда жол беріледі:
1) денсаулық жағдайын байланысты өз еркін жеткізе алмайтын азаматты тексеру және емдеу мақсатында;
2) айналасына қауіп туғызатын аурудың тарау қатері болғанда, соның ішінде қан және оның компоненттері бойынша донорлық;
3) соттың істі қарауы немесе тергеу жүргізуімен байланысты алдын ала тергеу және анықтау органдарының, прокурор, адвокат және (немесе) соттың сұранысы бойынша;
4) кәмелеттік жасқа толмағандарға немесе әрекет етуге қабілетсіз тұлғаға,оның заңды өкілін ақпараттандыра отырып медициналық көмек көрсету кезінде;
5) заңсыз әрекеттер нәтижесі азаматтың денсаулығына зиян келтіруіне негіз болған жағдайда.

2.3.5. Жеке тұлғаның (пациенттің) дербес мәліметтерінен тұратын электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғаның (пациенттің) рұқсатынсыз жеке өміріне қатысты дербес мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге тыйым салынады, соның ішінде қан және оның компоненттері бойынша донорлықтан басқа.

2.3.6. Жеке тұлғаның (пациенттің) дербес мәліметтерінен тұратын электронды ақпараттық ресурстарды қан және оның компоненттері бойынша донорлықтан басқа, олардың жеке басына қатысты дербес мәліметтерді пайдалану кезінде жеке тұлғаның (пациенттің) рұқсатынсыз басқа мәліметтер базасымен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосуға, сонымен қатар құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және басқа органдардың дәрігерлік құпияны құрайтын электронды құжат түріндегі ақпаратты алу, ауруы мен қоғам үшін қауіп туғызатын тұлғалардың диспансерлік есептегі жағдайы туралы, психикасының бұзылуын қоса, алкогольге, есірткіге және басқаға тәуелділігі, агрессиялық және зорлық-зомбылық әрекеттерді жасауға бейімдігі туралы сұраныстарына тыйым салынады.

2.4 Жауапкершілік

2.4.1. Этикалық кодекстің қолданылуы

2.4.2.Осы кодекс ҚКО шегінде қолданысқа ие және қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

2.4.3. Ұйым қызметкерлерінің жауапкершілігі.

2.4.3.1. Кәсіби этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесі Тәртіптік кеңес комиссиясымен анықталады.

2.4.3.2. Егер этикалық норманы бұзу бір уақытта құқықтық норманы қозғайтын болса, жұмыскер ҚР заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

2.4.3.3.. Жеке тұлғаның (пациенттің) жеке өміріне қатысты дербес мәліметтерді заңсыз жинағаны және өңдегені үшін лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

3 Қайта қарау, өзгерістерді енгізу, сақтау және жіберу

3.1. Этикалық кодексті қайта қарау және оның ережесін түсіндіру құқығы ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК Тәртіптік кеңесіне берілген.

3.2. Осы Кодекстің түпнұсқасы сапа жөніндегі менеджерде сақталады.

3.3 Осы ереженің сканирленген нұсқасы жалпы қолдну үшін кәсіпорынның серверлік компьютерінде орналастырылды.

3.4 Осы Кодекстің есептелген баспа көшірмелері қажетіне қарай таратылады.