Алматы қаласы халқының денсаулығы мен өмір сапасына өзінің жауапкершілігінсезініп және өз қызметінің әсер ету дәрежесін бағалай отырып, ҚКО Сапа саласындағы келесі саясатты жүзеге асыру бойынша өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

1) Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын үздіксіз арттыру:

  • Орталықта көрсетілетін медициналық көмектің барлық түрлері бойынша емдеудің заманауи әдістерін, әлемдік қауымдастықпен мақұлданған диагностика мен емдеудің ең үздік технологияларын Орталыққа енгізу және меңгеру;
  • ең үздік әлемдік ғылыми-практикалық мектептердің дәстүріне сүйене отырып, ұжымдық білім мен тәжірибені пайдалану, іргелі және қолданбалы ғылыммен клиникалық практиканың тығыз байланысын қамтамасыз ету;
  • Алматы қаласындағы кардиологиялық қызметтің дамуына зор үлес қосу.

2) Мінсіз бедел мен пациенттердің жоғары сеніміне қол жеткізу:

  • ҚР заңнамаларында қарастырылған сапалы және қауіпсіз қызметті алуда пациенттердің құқықтарын мүлтіксіз сақтау;
  • заманауи медицинаның үздік жетістіктеріне негізделген және дәлелді базасы бар емдеу әдістерін пайдалану;
  • медициналық көмек көрсету үдерісінде жарақаттың, инфекциялардың, емнің жағымсыз әсерлерінің және басқа да қажетсіз салдардың пайда болу қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін ем-шараларды мақұлданған медициналық қауымдастықпен пайдалану;
  • этикалық, отандық және адал тәртіпті көрсету;
  • пациенттің ар-намысын құрметтеу, тез арада кері байланысқа шығу және қолайсыздықты болдырмау;
  • пациенттердің игілігі мен жайлылығын, ерекше сервистік қызмет көрсету жағдайын жасау.

3) Тиімдікорпоративтік менеджментті құру, өзінің ішкі әлеуетін максималды пайдалану:

  • корпоративті басқарудың заманауи технологияларын қолдану, сапа менеджменті жүйесін енгізу және оның нәтижелігін тұрақты түрде арттыру;
  • шығармашылығын ынталандыру, инновациялар мен жаңалықтарды енгізу үшін лайықты бенч-маркалармен салыстыру және өз үдерістері мүмкіндіктерін бағалау бойынша алған өзіндік бағалауларды қолдану;
  • жобалық менеджмент және үдерістерді мақсатты жақсартуды пайдалана отырып, өзгерістерді тиімді басқару;
  • Орталықтың миссиясын, болашақтағы көрінісін, қазіргі және келешектегі қажеттілігін жүзеге асыру үшін қажетті біліктіліктер мен қабілеттерге ие кадрларды тарту, дамыту және сақтау;
  • Орталықтың миссиясын, болашақтағы көрінісін және мақсаттарын, командалық жұмыс арқылы тұрақты табысқа жетуін жүзеге асыру үшін барлық қызметкерлерді біріктіру;
  • қызметкерлердің тез үрену қабілетін және уақтылы әркет етуін тәрбиелеу;
  • көшбасшылық мәдениетін және өзара қолдауды қалыптастыру және тарату;
  • Орталық қызметінің барлық аспектілеріндегі беделі мен абыройын арттыру үшін инновацияларды енгізу және жақсарту бойынша қызметтерге қызметкерлердің қатысу уәждемесін, күш-қуаты мен жетістіктерін тану.

4) жоғары миссияға тұрақты түрде сәйкестігін қамтамасыз ету:

  • Алматы қаласы халқына шұғыл кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету бойынша өз ролі мен миссиясын сезіну және жауапкершілікпен орындау, оның тиімділігін тұрақты түрде жітілдіруді арттыру;
  • Алматы қаласы халқына шұғыл кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектіңжоғары деңгейде дамуына қолдау көрсету бойынша өз ролі мен миссиясын сезіну және жауапкершілікпен орындау,қолданылатын технологиялар мен ресурстардың барлық түрін дамыту;
  • қоғамныңәлеуметтік, саяси, экономи калық және экологи ялық тұрақтылығына өзінің әсер ету дәрежесіесебінен қызметті жоспарлау және жүзеге асыру.