Бүгін Қалалық кардиологиялық орталықта әлемнің 100-ден астам елінде аталып өтілетін Дүниежүзілік жүрек күніне арналған Ашық есік күні өтті, ол қоғамның назарын денсаулық мәселесіне аудару, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығын атап өтуге арналған. Бұл ең қауіпті аурулардың бірі саналатын ишемиялық ауру мен инсультке қарсы профилактикалық шараларды қамтиды.

Іс-шара барысында кафедралардың профессорлары мен доценттері консультация берді, электрокардиография (ЭКГ) және эхокардиография (ЭКГО) аппараттарына қаралған 100-ден астам пациент жүгініп, дәрігерлік кеңес алды.

Алдын алу – денсаулықты сақтаудың, өзіңізге және денсаулығыңызға қамқорлық жасаудың жолы!