С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті мен Алматы қаласы Қалалық кардиологиялық орталығының қолдауымен PhD-докторантура шеңберінде дәрігер-кардиохирург Мақсат Әбдіманапұлы Жақаев Гипертрофиялық кардиомиопатия және жүректің клапандық патологиясы орталығында (Monza, Italy) тағылымдамадан өтті.

Профессор Paolo Ferrazzi-дің жетекшілігімен Мақсат Әбдіманапұлы пациенттерді диагностикалық және отадан кейінгі көп сатылы бағалауға және обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатияны емдеуге арналған бірқатар кардиохирургиялық оталарға қатысты.

Бұл келешекте ҚР-да практикада қолдану үшін гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар пациенттерге көмек көрсетуде клиникалық және ғылыми қызметтің барлық аспектілерінде үлкен тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Біз Италияда алған тәжірибенің нәтижелі болатынына сенеміз.