Бөлім 6 төсек-орынға арналған. Анестезиология және жан сақтау бөлімінің міндетіне жоғары кәсіби анестезиологиялық көмек көрсету және ашық жүрекке ота жасалған пациенттерді қарқынды емдеу – жұмыс істеп тұрған жүрекке және жасанды қанайналымы жағдайындағы миокард реваскуляризациясы, жүрек қақпақшаларын протездеу, аорта; коронарлық артериясын стенттегеннен кейін пациенттерді қадағалап қарау және синхрондаушы құрылғылар имплантациясы кіреді.

Бөлімде емдеу мен диагностикалаудың инновациялық әдістері тұрақты түрде енгізіледі.
Анестезиология және жан сақтау бөліміне түскен барлық науқастарға көп функционалды кардиомонитормен ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтеріне мониторинг жасалады, онда жүрек қызметінің қағысы мен жиілігі талданады, АҚ трендтік талдау жасалады, ST сегментіне, тыныс алу жиілігіне, оттегі гемоглобині қанықтығына және дене температурасына талдама жасалады.

Бөлім науқасқа қарқынды ем жүргізу және бақылау үшін барлық қажетті аппаратуралармен жабдықталған. Дәлелді медицина біздің жұмыстың анықтаушысы болып табылады.

Қалалық кардиология орталығының 24/7 режимде жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары кезінде шұғыл көмек көрсететінін ескере отырып –анестезиология және жан сақтау бөлімі пациенттерді қабылдауға және оларға уақтылы көмек көрсетуге әрқашан да дайын. Ұжымдағы ахуал жан жылуымен, мейірбандығымен және өзара көмек көрсетуімен ерекшеленеді, ал науқастануына орай біздің бөлімге түскен пациенттер жақынының өмірі мен денсаулығы үшін көмек көрсетуге дайын тұратын үлкен әрі мықты отбасымыздың мүшесіне айналады.

Бөлім меңгерушісі – Зацаринный Антон Владимирович

Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер:

  • Мустафаева Л.С.
  • Есалиева А.А.
  • Аумолдаев М.Б.
  • Гаитов А.А.
  • Кравцов С.С.
  • Утешова М.С.

Бөлімге Қазақ Ұлттық медицина университетінің Үздіксіз білім беру орталығы жанындағы жедел шұғыл көмек курсымен анестезиология және жан сақтау кафедасының меңгерушісі м.ғ.к. С.Н. Ералина жетекшілік жасайды.

Байланыс телефоны: +7 (727) 279-91-31