Қалалық кардиология орталығында 2008ж. бастап пациенттерге жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек көрсететін кардиохирургия бөлімі жұмыс істейді. Бөлім 25 төсекке есептелген, бөлім штаты бойынша 6 кардиохирург, сонымен қатар 2 медицина ғылымының докторы жұмыс жасайды. Жыл сайын ота жасалған пациенттердің саны артып келеді. Қазіргі уақытта бөлім дәрігерлерінің ашық жүрекке, соның ішінде коронарлық патологияның әртүрлі формалары бойынша 2000 аса ота жасау тәжірибесі бар.

Бөлімде білікті кеңес беру және заманауи жоғары технологиялық емдік-диагностикалық, кардиохирургиялық көмек көрсетіледі. Бөлім С.Д. Асфендияров атд. ҚазҰМУ Жүрек-қан тамыры хирургиясы кафедрасының клиникалық базасы болып табылады, кафедра меңгерушісі - профессор Т.Ж. Егембердиев.

Нұрсан Сейітұлы Сұрашев – кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ. бойынша штаттан тыс бас кардиохирург. Еуропалық кардиоторакалды хирургтер қауымдастығының мүшесі. Семей мемлекеттік медицина академиясын және «А.Н.Сызғанов атдындағы ҰҒХО» АҚ кардиохирургия бойынша резидентураны бітірді. Италия, Бельгия, Австрия, Германия, Белоруссия, Ресей сынды жақын және алыс шет ел клиникаларында жүрек-қан тамыры хирургиясы бойынша маманданған. Ауыр жүрек патологиясы бар науқастардың ашық жүрегіне күрделі әрі бірегей ота жасау тәжірибесі мол.

Бөлімге ашық жүрекке төмендегідей ота жасату үшін пациенттер жатқызылады:

  • жасанды қан айналымы жағдайында жұмыс істеп тұрған жүрекке аортокоронарлық (маммарокоронарлық) шунттау;
  • өткізгіш жолдардың радиожиілікті аблациясы және сол жақ қарыншаның геометриялық қайта қалпына келуін үйлестіре отырып аортокоронарлық (маммарокоронарлық) шунттау;
  • қос жармалы қақапақшаның ишемиялық дисфункциясы;
  • туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар пациенттердің жүрегіндегі қақпақша аппаратын протездеу және қайта қалпына келтіру;
  • ұлғаймалы бөлім және қолқа доғаларын, оның ірі тарамдарын қайта қалпына келтіру;
  • жүрек қақпақшаларының үйлескен ақауларына және жүректің коронарлық ауруларына хирургиялық жасау;
  • ересек пациенттердің туа біткен жүрек ақауларына хирургиялық коррекция жасау;
  • жүректің коронарлық аурулары және туа біткен жүрек ақаулары бар пациенттер жүрекшесінің ілеспе фибрилляцииясын хирургиялық емдеу.

Ота жасанды қан айналымы аппаратын пайдаланып та, қолданбай да жасалады. Ота кезінде косметикалық тілу орындалады.

Қосалқы қанайналымы зертханасы бар ота жасау блогы - кардиохирургиялық ота жасауға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған кешен.

Ота жасау блогы – бұл ламинарлы ағынды қамтамасыз ететін заманауи жабдықтары мен керемет микроклиматы бар жүрек стационары. Ота жасау бөлмелері кардиохирургиялық оталардың кез келгенін жасауға арналған электрохирургиялық кешендерден, аргоноплазалық коагуляторлардан, ультрадыбыстық диссекторлардан, операциялық микроскоптардан тұратын заманауи жабдықтармен (CATS,2 жасанды қан айналымы аппараты, өндірушісі жапондық «TERUMO») жабдықталған. Заманауи оталарды жасау үшін жоғары сапалы хирургиялық аспаптар, тігу аппараттарының кең спектрі және т.б. қолданылады.

Біздің бөлімде Ресей, Израиль, Литвае, Италия, Швейцария сынды алдыңғы қатарлы елдерде оқып келген жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Кардиохирургия бөліміндегі палаталар заманға сай жабдықталған: функционалды төсектер, әрбір төсекте орталықтандырылған өткізгішпен оттегі, ауа беретін вакуум, медициналық жабдықтарды орналастыруға арналған консоль, подводка медициналық газ, электр розетка, синхрондау функциясы бар бифазалы дефибриллятор, 12 каналды электрокардиограф, ылғалдандыру және қыздыру жүйесі бар оттекті жеке бүріккіш, орталық компьютері бар және 5-ке бөліп беретін электрокардиограмманы, жүрек соғысының жиілігін, тыныс алу жиілігін, артериялық қысымның инвазивті өлшемін, өкпе артериясы қысымын, орталық күре тамыр қысымын, жүрек шығарылымын, артериялық қысымның инвазивті емес өлшемін, оттегінің гемоглабинмен қанығуын, бақылау параметрінің шегінен шыққанда автоматты түрде қатер дабылы қосылатын дене температурасын тіркейтін төсек жанындағы кардиомонитор, қолқаішілік баллонды контрпульсация жасауға арналған аппарат бар.