Қалалық кардиология орталығы ренгенхирургия бөлімшесі
Рентгенхирургия бөлімшесі тәулігіне 24 сағат/аптасына 7 күн режимінде кардиологиялық науқастарға жедел интервенциялық көмек корсетеді. Қалалық кардиологиялық орталық жыл сайын жедел коронарлы синдроммен түсетін науқастарға жасалатын ота санын өсіруде: 2008 жылы 41 коронарография және 7 коронарлы тамырларын стенттеу отасы; 2009 жылы 544 және 30, сәйкесінше; 2010 жылы 1800 және 466; 2011 жылы 3202 және 1088; 2012 жылы 3146 және 1263; 2013 жылы 3434 және 1460; 2014 жылы 4423 және 1608; 2015 жылы 4184 және 1337, сәйкесінше. Миокард инфактісі бар науқастарда консервативті емге қарағанда, стенттеу отасынан кейін өлім-жітім жиілігі айтарлықтай томен.

Сондай-ақ, емдеудің жаңа әдістері енгізілген: қатерлі гипертония кезінде бүйрек артерияларын денервациялау, толығымен еріп кететін қан-тамырлы қаңқа имплантациясы – скаффолд абсорб, ОКТ (оптико-когерентті томография) қолдану, тәждік тамырлардың ішкі градиентті кысымын өлшеу (FFR).

Қалалық кардиология орталғы ренгенхирургия бөлімшесінің негізінде Австрия, Чехия, Польша, Сербия, Словения, Литва елдерінің интервенциялық кардиологтарының қатысуымен тұрақты түрде мастер-класстар жүргізіліп тұрады.

Бөлімше меңгерушісі Сахов Оразбек Сраилович, жоғарғы санатты дәрігер-кардиолог, м.ғ.к., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің жүрек-қан тамыр хирургия кафедрасының доценті, Орталық және Шығыс Еуропаның интервенциялық кардиология бойынша Сараптау Кеңесінің мүшесі, "Қазақстандық интервенциялық кардиологтар және рентгенхируртар" Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті.




Бөлімше дәрігерлері:

  • Садыков Арман Сапарбекұлы, дәрігер-рентгенхирург;
  • Қуланбаева Айжан Нұржанқызы, дәрігер-рентгенхирург;
  • Стамбеков Марат Георгийұлы, дәрігер-рентгенхирург;
  • Төлепов Ғазиз Пахирдинұлы, дәрігер-рентгенхирург;
  • Қыдырбаев Есбол Мырзабекұлы, дәрігер-рентгенхирург;
  • Даирбекова Сауле Муслимбайқызы, дәрігер-рентгенхируг.