Ақылы бөлім ҚКО құрылымдық бөлімшесінің бірі болып табылады.

Ақылы бөлімнің негізгі міндеті кардиологиялық, терапиялық және неврологиялық патологиясы бар науқастарға тиімді және сапалы медициналық көмек көрсету. Ақылы бөлім 01.02.07ж. №781 бұйрыққа және ҚКО 30.03.07ж. №01-07/30 бұйрығына сәйкес 30 төсек орынға арналған. ҚР, ТМД елдерінің азаматтары, шетел азаматтары шұғыл көмекке зәру емес, жоспарлы тәртіпте медицина мекемесінің жолдамасынсыз келген пациенттер ауруханаға жатқызылады. Ауруханаға жатқызу бөлім меңгерушісі арқылы іске асырылады.

Пациенттерге медициналық қызмет көрсету келесі нозологиялық бірліктер бойынша, КЗГ сәйкес жүргізіледі:

  • ССС аурулары: АГ 1-2-3 дәрежесі, ЖИА, күш түскен стенокардия, прогресшіл стенокардия, ПИКС, ХСН, ВПС бар диффузиялық кардиосклероз, миокардит.
  • Тыныс алу органдары аурулары: созылмалы бронхит, пневмония, ХОБЛ.
  • Нерв жүйесі аурулары: нейроциркуляторлық дистония, ОНМК салдары, остеохондроз.
  • Ас қорыту органдары аурулары: созылмалы гастрит, ЯБЖ және ұлтабар, созылмалы панкреатит, созылмалы холецистит, созылмалы гепатит.
  • Зәр шығару жүйесі аурулары: созылмалы пиелонефрит, СПН бар созылмалы гломерулонефрит.
  • Тірек-қозғалыс жүйесі аурулары: остеоартроздар, РА.

Пациенттерді ауруханаға жатқызу кезінде типтік келісімшарт жасалады, онда келісімшарт мәні, ақылы көрсетілген медициналық қызмет үшін төленетін өзара есеп айырысу ережелері, жақтардың міндеттері мен құқықтары, жауапкершілігі, шартқа өзгерістер енгізу және бұзу, қорытынды ереже, Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жақтардың мекен-жайы мен реквизиттері көрсетіліп, соңынан пациент пен емдеуші дәрігер қол қояды.

Емдеуші дәрігердің тексеруінен кейін диагнозы қойылып, ауру тарихы, тағайындау қағазы мен калькуляциялық реестр толтырылады. Өршіген ілеспе ауруларға байланысты дәрі-дәрмектер мен тексеру үшін ақы төленеді. Калькуляциялық реестрдің «Қосымша медициналық қызметтер» бөлігінде жазылады. «Диагностика жасау және емдеу хаттамасына» сәйкес ауруханада жатудың орташа ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді, пациенттің қалауы бойынша төсек - күн ауыстырылады. Пациенттерді қабылдау және ауру тарихын тіркеу тікелей бөлімде жүргізіледі, содан кейін қабылдау бөлімінде компьютерде тіркеледі.