Қалалық кардиологиялық аурухана

Жан сақтау және интенсивті терапия бөлімі.

Жан сақтау және интенсивті терапия бөлімі 18 төсекке арналған.

Бөлім Алматы қаласының жіті коронарлық патологиясы ST, сегментінің көтерілу және көтерілмеуімен жіті коронарлық синдромы, жіті миокардит, жүрек қағысы мен өткізгіштігінің әртүрлі бұзылулары, ұстамалы тахикардия, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, әртүрлі шок түрлері, жіті гипертониялық энцефалопатия түріндегі кезеңдік күрт асқынулары, ОНМК бар барлық науқастарға жедел көмек көрсетеді.

Бөлім заманауи аппаратуралармен жабдықталған, әртүрлі шұғыл жан сақтау көмектерін көрсетуге дайын.

Бөлімде кардиология бойынша көп жылдық тәжіибесі бар білікті мамандар, өз жұмыстарын жақсы меңгерген орта және кіші медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Жүрек-қан тамыр ауруларына диагностика жасау және емдеу үшін жан сақтау және кардиологиядағы барлық техникалық және зертханалық-аспаптық жетістіктер дәрігерлер арқылы тәжірибеде табысты қолданылып жүр. Негізгі бағыты жіті коронарлық синдромы бар науқастарды емдеу. Бөлімде хирургиялық араласуға, коронарографияға, кардиостимулятор имплантациясына, бүйрек артериясын денервацияға дайындық жүргізіледі. Біздің орталықта жұмыс жасайтын реаниматологтар, хирургтар мен кардиологтардың тығыз байланысы уақытылы, тез әрі тиімді диагностиканы, емдеудің оңтайлы әдістерін таңдауды қамтамасыз етеді.

Жан сақтау бөлімінің штаты.

Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер Кенжебаев Айвар Мэлсұлы. ҚКО жан сақтау бөлімін 2008 жылдан бастап басқарып келеді. Бөлімде 11 дәрігер + 2 қосымша жұмыс істейтін қызметкер жұмыс жасайды.

Бөлімнің аға мейірбикесі – Шапурина Татьяна Григорьевна, жоғары санатты мейірбике, барлық қажетті дағдыларды меңгерген, жан сақтау бөлімінде 30 жылдан аса еңбек етіп келеді.

Бөлімде 25 мейірбике және 13 кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Кафедра

ЖСжИТБ базасында Алматы қ. АМДБЖИ анестезиология және реаниматология кафедрасы жұмыс істейді. Кафедра меңгерушісі Чурсин Вадим Владимирович өте ауыр жағдайда жатқан науқастарға кеңес береді.