315 төсекке стационарлық қызмет көрсететін Кадиологиялық қабылдау бөлімі МКҚК «Алматы қ. Қалалық Кардиологиялық Орталығының» негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Қабылдау бөлімінің қызметі Денсаулық сақтау департаментінің 28.02.2007 ж. № 137 «Алматы қаласындағы стационарларда терапиялық бейінді науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсету тәртібі туралы» бұйрығына негізделген.

Қабылдау бөлімінде хирургиялық көмек көрсету тәулік бойы жүргізіледі, жүректің ишемиялық аурулары (жіті инфаркт миокарды, прогрессивті стенокардия, алғаш пайда болған стенокардия, вариантты стенокардия, жіті коронарлық синдром), жіті жүрек қағысының және өткізгіштігінің бұзылуы, гипертониялық криз, жүрек - қан тамыр жүйесінің миокарды және басқа да аурулары бар науқастар қабылданады.


Кардиологияның қабылдау бөлімі құрылымына:

  • 2 дәрілерлік пост
  • ем - шара кабинеті
  • шокқа қарсы палата
  • изолятор кіреді
  • 2 пост науқастарды қабылдайтын залда орналасқан.

Шокқа қарсы палата 5 төсекке есептелген.

Кардиологияның қабылдау бөлімінің осы құрылымдық бөлімшесінде емдеудің шекаралық жағдайда түскен науқастарға қажетті жан сақтау шаралары жүргізіледі. Сондай-ақ шокқа қарсы палатада дифференциалды диагностика жүргізу және осы кезеңде қажетті емді жүргізу үшін диагнозын анықтау мақсатында науқастарға бақылау жүргізіледі.

Изолятор инфекциялық ауруларға күдік туғызған науқасты бақылау және емдеу үшін пайдаланылады.

Респираторлық инфекция бойынша карантин кезінде ЖРВИ күдікті науқастар үшін бокс қарастырылған.

Қабылдау бөлімінде ұсталған және тергеуде жатқан тұлғалар үшін, сондай-ақ жазасын өтеп жатқандар үшін арнайы бақылау палатасы ашылған. Мұнда диагностикалық және емдеу шаралары жүргізілгенде осы категориядағы тұлғалар қарауылшы жасақтың күзетінде болады.

Бүгінгі күні ҚКО қабылдау бөлімінде 2 дәрігер, қажет болғанда бөлім меңгерушісі тәулік бойы қабылдау жүргізеді. Осындай режимде 2 мейірбике және 2 кіші қызметкер жұмыс жасайды.

Қардиологияның қабылдау бөлімінде диагнозды қою қиындығы туғанда немесе дифференциация кезінде бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарын, ҚазҰМУ терапия бөлімі интернатура кафедрасының доценттерін, ҚазҰМУ жедел және шұғыл көмек кафедрасының, ҚКО бөлім меңгерушілерін, тар шеңберлі мамандарды шақырыа отырып, консилиум өткізіледі. ҚКО директорының бұйрығымен қабылдау бөліміне жетекшілік ету ҚазҰМУ жедел және шұғыл көмек кафедрасының доценті М. К. Альмуханбетовке жүктелген (кафедра меңгерушісі профессор К. М. Тұрланов).

Кардиологияның қабылдау бөліміне диагностикалық құрылымдық бөлімшелер қызмет көрсетеді:

  • Функционалды диагностика кабинеті (ЭКГ, ЭхоКГ).
  • Клиника-диагностикалық зертхана.
  • Рентген кабинеті.
  • УДЗ кабинеті.
  • Эндоскопиялық бөлім.
  • Сонымен қатар ҚКО мамандары мен сыртқы кеңесшілердің тәулік бойғы жұмыс дұрыс жолға қойылған.