Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы хаты негізінде, ДСӘДМ бекітілген медициналық қызмет сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және өткізу бойынша 2015 жылға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметіқұрылды (бұдан әрі - Қызмет).

Қызмет мақсаты - «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша пациент шағымдарына шұғыл шешім шығару, сонымен қатар көрсетілетін медициналық қызмет сапасына жүйелі талдау жасау және жақсарту.

Сапа бойынша біздің Саясат қағидаттары:

  1. Пациенттердің сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану.
  2. Көрсетілетін медициналық қызметтің жоғары сапасына бағытталу.
  3. Пациенттердің қауіпсіздігін және медициналық көмек көрсету кезінде медициналық және басқа қателіктерге жол бермеуді қамтамасыз ету.
  4. Медициналық көмек пен пациенттер қауіпсіздігі сапасын үздіксіз арттыру үдерісіне әрбір қызметкердің қатысуын ынталандыру.
  5. Сапалы медициналық қызмет пен пациенттер қауіпсіздігінің қолжетімділігі саласындағы міндеттер мен мәселелерді шешуге жүйелі тәсіл.
  6. Қызмет төрайымы болып директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Ш. Бектасова тағайындалды.

Қызметтің келесі құрамы бекітілді:

  • Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.М. Кенжебаев
  • Директордың мейіргерлер ісі жөніндегі орынбасары З.Ә. Шүкірғалиева
  • Сарапшы-дәрігер А.Б.Әлмұқанова
  • АҚжТЖ, ЕҰ штабының басшысы Амелов Б.
  • Эпидемиолог-дәрігер Г.М. Нұрғалиева

Сіздер көрсетілген медициналық қызметтің сапасына, келушілер мен пациенттерге ұйым қызметкерлерінің сыпайы және ілтипатты қарым-қатынасын дамыту және қолдау көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша хабарласа аласыздар:

  • «сенім телефондары» - 8 (727) 225 93 06, 8 (727) 228 04 24;
  • директордың сайттағы блог-платформасы,
  • шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау жәшігі,
  • тікелей Қызмет төрайымына жолығу (директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары).
  • кардиологиялық орталық директорының жеке қабылдауында