Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты кардиолог-дәрігер, медицина ғылымының кандидаты Баймаханов Абай Әнуарұлы - 2016 ж. Римде өткен Еуропалық кардиологтар конгресіне қатысушы.

Бөлім дәрігерлері:

  • Бірінші санатты кардиолог-дәрігер Искакова Гаухар Қайратқызы – «Кардиологияның таңдаулы мәселелері» циклы бойынша білімін жетілдірді.
  • Екінші санатты кардиолог-дәрігер - Сыдықбаева Айжан Тілекқызы – «Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар» циклы бойынша білімін жетілдірді.
  • Кардиолог-дәрігер Мелдеханова Салтанат Нұрғалиқызы –«Кардиологияның өзекті мәселелері», «Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар», «Миокард реваскуляризациясы отасынан кейінгі науқастарды қарау және оңалту» циклдары бойынша білімін жетілдірді.
  • Кардиолог-дәрігер Құрманбекова Мөлдир Бақытқызы - Оңтүстік Корей еліндегі Sejong General Hospital кардиология бөлімінде тағылымдамадан өтті, Астана қ. «Кардиохирургия Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ «LVAD имплантациясы бойынша оперативті емдеуде СЖЖ бар науқастарды іріктеу критерийлері және оларды отадан кейін қарау», «Кардиологияның таңдаулы мәселелері» циклдары бойынша білімін жетілдірді.

Бөлім төмендегідей жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары бар науқастарға тәулік бойы шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсететін 40 орынға арналған: миокард инфаркты, тұрақсыз стенокардия, артериялық гипертензия, әртүрлі жүрек қағысы бұзылыстары, миокардтың қабынған аурулары, қақпақша патологиясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. Қысқа мерзімде науқастарға сапалы диагностика мен ем жүргізу үшін уақтылы зертханалық-аспаптық зерттеу кешені жүргізіледі. Олар: электрокардиографиялық, эхокардиографиялық, рентгенологиялық тексерулер, өңеш арқылы эхокардиография, велоэргометрия, сонымен қатар тропонин I және Т деңгейін анықтау, жоғары сезімталды С-реактивті протеин, Д-димер, халықаралық нормаланған қатынасты және т.б. Аталған зерттеу әдістерінің көмегімен тек емдеу үдерісі ғана емес, сондай-ақ ауыруына болжам жасалады.

Науқастарды емдеу Еуропалық кардиологтар қоғамы, Америкалық кардиологтар ассоциациясы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімде заманауи жабдықтармен жабдықталған бір-, екі- және төрт орынды палаталар бар. Ауыр және сараланған диагностика жүргізуді талап ететін науқастарға арналған субинтенсивті палаталар қажетті жабдықтармен (орталықтандырылған оттегінің берілуі, өмірлік маңызы бар ағзаларды бақылауға арналған монитор, дефибриллятор, жүрек қызметінің кенеттен болатын тоқтауларында пайдаланылатын көмек көрсету жиынтығы) жабдықталған.

Бөлімде «Денсаулық мектебі» жұмыс істейді, көрнекі құралдар ілінген (стендтер, ақпараттық плакаттар), салауатты өмір салтын насихаттайтын бейнероликтер көрсетіледі. Бөлімде медицина қызметкерлерінің жұмыс жасауына қолайлы болуы үшін бар жағдай жасалған (ыңғайлы пост, қызметкерлерге арналған жуынатын бөлме, орта және кіші медицина қызметкерлеріне арналған арнайы демалыс бөлмесі, жайлы ординатор бөлмесі, тәулігіне 24 сағат интернет қосылған).

Бөлім дәрігерлері С.Д. Асфендияров атд. ҚазҰМУ №3 ішкі аурулар кафедрасымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Н.Е.Айдарғалиева басқарады. Кафедра қызметкерлерімен бірге бөлімде консилиумдар, консультациялар, ауыр науқастарға жетекшілік жүргізіледі, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарға мақалалар жариялайды.

Бөлімдегі жұмыстарынан басқа, 4-кардиология бөлімінің дәрігерлері Алматы қаласы халқына консультативтік көмек көрсетеді, қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады, емханадағы (ҚЕ 20, ҚЕ 22, ҚЕ 24, ҚЕ 26, ҚЕ 27 және ҚЕ «Құлагер») терапевт және кардиолог-дәрігерлерге әдістемелік әрі консультативтік көмек көрсетеді.