Бөлім емделушілерге қажетті емханалық кеңес берулер және стационарлық бөлімдердегі оған қоса, жансақтау бөлімі мен кардиохирургиялық бөлімдердегі барлық қажетті рентгенологиялық зерттеулерді орындайды.

Рентгенді диагностикалық бөлім төмендегі зерттеу түрлерін жасайды:
  • Контрастық затпен жасалынатын фистулография;
  • Бас сүйекті рентгенге түсіру, 2 кескінмен;
  • 1 буынды (жамбас пен иық) рентгенге түсіру 1кескінмен;
  • Жамбас сүйегінің шолу рентгенографиясы жамбас буынын қоса алғанда 1кескінмен;
  • 1 буынға (тізе, шынтақ, табан) рентген жасау 2 кескінмен;
  • 1 буынға немесе жілікке рентген жасау 1 кескінмен;
  • Қол немесе табан буынына рентген жасау 2 кескінмен;
  • Мұрынның қосалқы қуыстарына рентген жасау 1 кескінмен;
  • Төске рентген жасау 2 кескінмен;
  • Бүйрекке шолу рентгенографиясын жасау;
  • Құрсақ қуысына шолу рентгенография мен рентгеноскопия жасау;
  • Омыртқаға (мойын, төс, бел) рентген жасау 2 кескінмен;
  • Көкірек қуысына тікелей рентген жасау 2 кескінмен.

Рентгенді диагностикалық бөлім стационарлы рентген диагностикалық кешенімен жасақталған. «X – ray GLINOMAT» рентгенді диагностикалық қондырғысы сандық ренгтенография мүмкіншілігіне ие. Қондырғы 2017 жылы Италияда жасалынып шығарылған. Қондырғының тағы бір артықшылығы - өздігінен жүре алмайтын емделушілерге арналған 1 жылжымалы «Арман 9Л5» палаталық аппаратымен жабдықталған. «X – ray GLINOMAT» заманауи құрылғысы рентгенді диагностикалық зерттеулер жасауға арналған.

Сандық рентгенография классикалық рентгенографиялық зерттеулер жасауға жаңа мүмкіндіктер береді:
  • Сәулелену мөлшерін азайтады және рентген кескінінің бір уақытта сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады.
  • Қайта экспозициялауды болдырмау үшін тікелей сандық өңдеу кезіндегі рентгенография мен сызықтық томографияда кескінді жоғарғы сапамен алу.
  • Сәулеленуді барынша азайту
  • Рентгендік пленкадан және фотохимиялық процестен толыққанды бас тарту мүмкіндігіне ие болу.
  • Кескінді электронды тасымалдау түрінде және пленкада мұрағаттау мүмкіндігіне ие болу.
  • Жоғары эргономділік: емделушіге қарай үш жақты бағытталған бағалау индикатор панелінің қолайлы орналасуы, емделушіні отырғызу /түсіру кезіндегі басқару үстелінің ыңғайлылығы

Кескінді санға аудару компьютерлік радиография AGFA – есте сақтау қабілетіне ие люминофорлы таспа жүйесін (кәдуілгі рентген мен арнайы маммографиялық ) пайдалану арқылы іске асырылады. Кескінді санға аудару 40 секунд ішінде жүзеге асады.

Тексерілу нәтижелері әртүрлі тасымалдау құралдарына жазылу арқылы құжатталады: термографиялық рентген пленкасы, компакт дискілер. Мұрағаттандыру нәтижелері тасымалдау түрлерінің DICOM үлгісінде жасалынады.

Штаттық кесте:
2- дәрігер – рентгенолог
1- аға рентген- лаборант
5 – рентген –лаборанттар
1-тазалықшы

Бөлім құрамы:
Бөлім меңгерушісі:
  • Дәрігер – рентгенолог (екінші біліктілік санаты) Каисбаева Ж.Т.
Бөлім қызметкерлері:
  • Дәрігер – рентгенолог (бірінші біліктілік санаты) Ахбаев С.
  • Аға рентген- лаборант – (жоғары біліктілік санаты) Сафарова А.А.

4 рентген-лаборанттар:
А) Смагулбекова Н.А (екінші біліктілік санаты)
Б) Кравцова Г.П. (жоғары біліктілік санаты)
В) Журтбаева К.Б. (бірінші біліктілік санаты)
Г) Винюкова Н.Л. (екінші біліктілік санаты)
1 – тазалықшы – Акынбекова Г.
1 – архивариус Кадырова Г.

Бөлімде жылына 12 000 астам рентгендік зерттеулер жүргізіледі. Оның 80 пайызы кеуде қуысына жүргізілетін рентген, ал, 5 пайызы – құрсақ қуысының рентгені, 15 пайызы – сүйек буыны жүйелеріне жасалынатын рентген.