Қалалық кардиология орталығының базасында орналасқан 6-кардиология бөлімі 2007 жылы құрылған. Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты кардиолог-дәрігер, медицина ғылымының кандидаты Алдабекова Жәмила Мақажанқызы.

Қазіргі уақытта бөлім 40 төсек-орынға арналған.

Бөлім жіті жүрек-қан тамыры аурулары бар ересек науқастарды диагностикалау мен емдеуге маманданған және тексеру мен емдеудің кең спектрлі әдістерін меңгерген, заманауи жабдықтармен жабдықталған, бір-, екі- және төрт орынды палаталары бар. 2015 жылы сейсмологиялық күшейту мақсатында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

Ауыр және сараланған диагностика жүргізуді талап ететін науқастарға арналған субинтенсивті палаталар қажетті жабдықтармен (орталықтандырылған оттегінің берілуі, өмірлік маңызы бар ағзаларды бақылауға арналған монитор, дефибриллятор, жүрек қызметінің кенеттен болатын тоқтауларында пайдаланылатын көмек көрсету жиынтығы) жабдықталған.

Бөлім фойесінде науқастар өз аурулары туралы ақпарат алуы үшін көрнекі құралдар (стендтер, ақпараттық плакаттар) орналасқан. Күніне 1 рет салауатты өмір салтын насихаттайтын бейнероликтер көрсетіледі. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жұмыс жасауына қолайлы болуы үшін бар жағдай жасалған (ыңғайлы пост, қызметкерлерге арналған жуынатын бөлме, орта және кіші медицина қызметкерлеріне арналған арнайы демалыс бөлмесі, жайлы ординатор бөлмесі, тәулігіне 24 сағат интернет қосылған).

Бөлімде тексерудің келесі түрлері жүргізіледі: алған деректерді түсіндіре отырып, заманауи алты каналды кардиографта жасалатын электрокардиография, допплерографиясы бар эхокардиография (жүректі ультрадыбыстық зерттеу), кеуде қуысы органдарына рентгенография. Сонымен қатар, сараланған диагностика жүргізу үшін қажетті зерттеудің кең спектрлі зертханалық әдістері қолданылады (жалпы қан және несеп талдамалары, ауруының алғашқы сағаттарында миокард инфарктының көрсеткіші ретінде жоғары сезімталды тропонинді анықтау, қанның липидті спектрі, коагулограмма, МНО анықтау, бауыр және бүйрек көрсеткіштерін анықтау, гормондар және өзге де талдамалар).

Бөлімнің диагностика жасау қиынға түскен жағдайда қаладағы ірі орталықтармен шарт бойынша зерттеудің сәулелі әдістерін (компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография) жүргізуге мүмкіндігі бар.

Бөлімде 5 дәрігер жұмыс істейді:

  • Құдабеков Рүстем Серікұлы, бірінші санатты кардиолог-дәрігер
  • Архабаева Назима Нұрқалиқызы, бірінші санатты кардиолог-дәрігер
  • Алпарова Анара Талғатқызы, бірінші санатты кардиолог-дәрігер
  • Джораева Мунара Скандарбекқызы, екінші санатты кардиолог-дәрігер
  • Масимова Эльвира Әлімжанқызы, кардиолог-дәрігер.

Бөлім № 2 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасымен тығыз байланыста жұмыс жасайды, бөлімге доцент Д. А. Капсултанова жетекшілік жасайды.

Кафедра қызметкерлерімен бірге бөлімде консилиумдар, консультациялар, ауыр науқастарға жетекшілік жүргізіледі, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарға мақалалар жариялайды.

Бөлім дәрігерлері Қазақстандық және Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі болып табылады, өз жұмыстарында кардиология саласындағы заманауи жетістіктерді пайдаланады. Сонымен қатар, дәрігерлер әлем клиникаларында өз білімдерін үздіксіз жетілдіріп отырады (Ресей, Оңтүстік Корей), шетелдік мамандар өткізетін шеберлік сыныптарына қатысады.

Бөлімдегі жұмыстарынан басқа, 6-кардиология бөлімінің дәрігерлері Алматы қаласы халқына консультативтік көмек көрсетеді, Ашық есік күндеріне белсенді қатысады, емханадағы (ҚЕ 11, ҚЕ 22, ҚЕ 21, ҚЕ 23, ҚЕ 25 және ҚЕ 32) терапевт және кардиолог-дәрігерлерге әдістемелік әрі консультативтік көмек көрсете отырып, қала емханаларына жетекшілік жасайды

6-кардиология бөліміне келесі нозологиялық формадағы науқастар жатқызылады:

  • жіті коронарлық синдром
  • жіті миокард инфаркты
  • тұрақсыз стенокардия
  • артериялық гипертензия
  • кардиомиопатия (дилятациялы, гипертрофиялық, перипартальді)
  • қақпақша аппараты патологиясы бар науқастар (консервативті емдеу, хирургиялық емге дайындау мақсатында)
  • аритмияның әр түрі (соның ішінде жүрек қағысын жасанды жүргізу имплантациясын қажетсінетін науқастар)
  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар (бөлімде қосалқы құрылғы имплантациясы туралы мәселені шешу үшін консервативті терапия жүргізіледі)
  • жіті миокард инфаркты бар науқастарды оңалту

Бөлімдегі кіші және орта медицина қызметкерлерінің шұғыл кардиология бойынша тәжірибелері мол, оқыс жағдайлар кезінде көрсетілетін шұғыл көмектің барлық әдістерін меңгерген, шұғыл көмек көрсету бойынша тренингтерге үнемі қатысады, біліктілікті арттыру курстарында білімдерін жетілдіреді.