1982 жылы Хирургияның қабылдау бөлімі базасында асқазан-ішек патологиясы бар науқастарды қарау үшін эндоскопия кабинеті ашылды.

Кабинеттің негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі - Энгельке Виктор Егорович болды. 1988 жылы жіті хирургиялық және гинекологиялық патологиясы бар науқастарды қарау жөнінде функционалдық міндеттері бар «Ултьрадыбыстық диагностика» кабинеті ашылды. 1990 жылы кабинет шұғыл және жоспарлы эндоскопиялық және ультрадыбыстық диагностиканы тәулік бойы қамтамасыз ету үшін бөлім ретінде қайта құрылды. 1990-1993 жылдары Тастамбеков Марат Кенесұлы бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1993-1997 жылдары бөлім меңгерушісі Қуанышбеков Әшім Сатыбалдыұлы болды. 1997-2011 жылдары бөлім меңгерушісі Исабеков Айдар Бөкейұлы болды.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін бөлімді Мұртазалиева Тамара Мұхадинқызы басқарып келеді.

Бөлім қызметкерлері:

Мұртазалиева Тамара Мұхадинқызы – жоғары санатты дәрігер, ішперде қуысы ағзаларына, ішперде артындағы кеңістікке, өкпеқап қуысына, гинекология, акушерия, несеп жүйесі ағзаларына (еркекбез, қуық), қалқаншабезге ультрадыбыстық зерттеулер және УДГД (мойын, аяқ-қол, қолқаның ішперде бөлігі тамырлары) жүргізеді.

Сейтбеков Қанат Әленұлы – эндоскопист-дәрігер. Жұмыс өтілі 2 жыл. Хирург-дәрігер болған, диагностикалық та, емдеу жоспары тұрғысынан да эндоскопиялық зерттеулердің барлық әдістемелерін толық меңгерген.

Бөлімде зерттеудің эндоскопиялық әдістері жүргізіледі: эзофагогастродуоденоскопия, дренаждау және емдік бронхоскопия.

Бөлімнің аға мейіргері - Есімсартова Мария Мұхамеджанқызы, жоғары санатты мейіргер. Еңбек өтілі 33 жыл.
Жантасова Айгүл Дінмұхаметқызы - еңбек өтілі 13 жыл, жоғары санатты мейіргер.
Донбаева Гүлзифа Райымжанқызы - еңбек өтілі 28 жыл, жоғары санатты мейіргер.
Тұрғамбекова Гүлзия Тәкенқызы - еңбек өтілі 3 жыл, кіші мейіргер.

Бөлімдегі жабдықтар:

Гастрофиброскоп (1) OLYMPUS « GIF-E 3».
Галогендік жарық көзі C L K-4
Эндоскопиялық сорғы S S U – 2
УДЗ аппаратының стационарлық фирмалары Aloka SSD-1400
УДЗ аппаратының дербес фирмалары Fucuda
Медициналық сорғы В-40
UPS-1500 BA.